Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай

Шығыс Қазақстан облысы еліміздің өнеркәсіп орталығы бола отырып, бүгінде заманауи әрі қуатты мал шаруашылығы инфрақұрылымын құру бойынша бірқатар жобаларды қарқынды іске асырып жатыр, туристік индустрияны дамытуда, тірек ауылдарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағыттарда облыстың қандай нәтижелерге қол жеткізгені, биылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының қандай екені туралы шолу материалынан оқыңыздар.  

Шығыс Қазақстан — ҚР өнеркәсіп өндірісіндегі көшбасшылардың бірі 

Шығыс Қазақстан облысы пайдалы қазбалардың басты «қоймасы» болып саналады, мырыш, титан, магний, тантал және басқа да сирек кездесетін металдарды еліміз бойынша бірден-бір өндіруші. 1992 жылы ақпанда осы жерде егемен Қазақстанның алғашқы алтыны қорытылды. 

Тәуелсіздік жылдары облыста ірі өнеркәсіп нысандары: Малевский, Артемьевский және Юбилейно-Снегирихинский кен орындары, Сегіз тау-кен кәсіпорны; Қаражыра көмір разрезі, «Данк» ЖШС, «Тасқара» ЖШС алтын өндіретін кәсіпорын, Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты пайдалануға берілді. 

Бүгінде облыс аумағында жұмыскерлерінің саны 53 мың адамнан асатын 48 ірі өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді. 2020 жылдың 4 айының ішінде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 731,2 млрд теңгеге жетті, өсу қарқыны 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115% құрады. 

Тау-кен өндірісі саласында 185,8 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 131% құрады. 

Саладағы негізгі кәсіпорындар  - «Қазмырыш» ЖШС, «Востокцветмет» ЖШС, «KazmineralsAktogay» ЖШС, «Бақыршық тау-кен өндірісі кәсіпорны» ЖШС. Өңірдегі жер қойнауында бағалы металдардың 50 кен орны шоғырланған. 

Өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің 70%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өңдеу секторындағы кәсіпорындар 500 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімін өндірді, өсім 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111% құрады. 

Химия өнеркәсібі өнімдерін «УМЗ» АҚ, «Орика Казахстан» АҚ, «KAZFOAM» ЖШС, «Магелан» ЖШС кәсіпорындары өндіреді. 2020 жылдың 3 айында өндіріс көлемі 6,4 млрд теңгені құрады. 

2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында ағаш өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары 1,3 млрд теңгеге өнім шығарылды, қолданыстағы бағаларда өндіріс көлемінің өсімі 4,3 есені құрады. Саладағы негізгі кәсіпорындар:  «Мелисса» ЖШС (Өскемен қаласы), «Фаворит» (Зубовка ауылы), «Жаңа Семей Шпал Зауыты» (Семей қаласы). 

Облыстағы жеңіл өнеркәсіптің өндірістік қуаттылықтарының негізгі үлесі Семей қаласында шоғырланған — «Семспецснаб» ЖШС, «УК Юнис» ЖШС, «Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС, «Роза-ВВК» ЖШС, «BayazitLife» ЖШС, «Корунд» ПРК, «Технология комфорта» ЖШС. Өскемен қаласында «ПКФ Рауан» ЖШС және «Иснар» ЖШС жұмыс істейді. 

2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 1,1 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірді, бұл өткен жылғы деңгейден 30%-ға артық. 2020 жылдың наурыз айынан бері облыстағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары көп рет пайдаланылатын маскаларды тігуге тартылған. Негізгі мердігер «Семспецснаб» ЖШС болды. 

ШҚО отандық машинажасау индустриясының көшбасшысы 

Өңірдегі серпінді дамып жатқан экономика секторларының бірі облыстың машинажасау кешені. Республикамыздың барлық машинажасау өнімдерінің 20%-ы Шығыс Қазақстан облысында өндіріледі.  «Азия-Авто» АҚ (жеңіл автомобильдер), «Сем-Аз» ЖШС (ауыл шаруашылығы техникасы), «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (автобустар) әлем нарығында бәсекелесе алатын өнімдерді шығарады. 

2020 жылы 3 айда машинажасау саласында өндірістік өнім көлемі 73 млрд теңгені құрады. Машинажасау кешенінде тау-кен шахтасы жабдықтары, кен байыту фабрикалары мен металлургия зауыттарына, мұнай-, газ өндіруге арналған жабдықтар, өнеркәсіптік конденсаторлар, автотартпақтар, кабель-сым өнімдері, автокөлік құралдары және т.б. өндіріледі.   

Тәуелсіздік жылдары индустриялық секторда ШҚО-да едәуір өзгерістер орын алды 

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында (2010-2014 гг.) облыста жалпы сомасы 202,3 млрд теңгеге 30 жоба пайдалануға берілді, 5,3 мың жұмыс орны құрылды. 

Кәсіпкерлікті қолдау картасының екінші бесжылдығы аясында (2015-2019 жж.) ШҚО-да жалпы сомасы 529,1 млрд теңгеге 20 жоба пайдалануға берілді, 3,3 мың жұмыс орны құрылды. 

2020 жылы жалпы сомасы 16 млрд теңгеге 610 жұмыс орнын құрумен 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Ірі жоба «ГРК МЛД» ЖШС — «Қарашығын кен орны тау-кен байыту кешенінің құрылысы», құны 5 млрд теңге. 

2021 жылдан 2025 жыл аралығында жалпы инвестициялар көлемі 555 млрд теңге болатын 19 жобаны іске асыру жоспарланған, 8,4 мың жаңа жұмыс орны құрылады.   

ШҚО өз өнімдерін әлемнің 90 еліне экспорттайды  

Облыста 30-ға жуық ірі экспортқа бағдарланған өндіріс жұмыс істейді. Олардың өнімдері әлемнің 90-нан астам еліне экспортталады. Тауарлардың негізгі тұтынушылары - Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан. 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Шығыс Қазақстан облысында экспорт көлемі $245,5 млн құрады. 

2019 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы 11 экспорттаушы кәсіпорын жалпы сомасы 253,5 млн теңгеге шығындарды өтеу мүмкіндігіне ие болды, оның ішінде 4 кәсіпорынның 208,1 млн теңге сомасына көлік шығындары өтелді.  

Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық әлеуеті жоғары

Облыста жалпы қуаттылығы 2323 МВт болатын 9 электр станциясы бар, бұл Қазақстанның барлық энергетикалық қуаттылықтарының 10,6% құрайды. Ертіс өзеніндегі 3 ГЭС ұлттық маңызы бар статусына ие және Қазақстан Республикасының барлық энергетика кешенінің тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

Маңызды мемлекеттік бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі бойынша Тұжырымдаманы іске асыру болып табылады. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері нысандары өндірген электр энергиясының үлесі 1,9%  немесе жылына 9 641,37 млн кВт/сағат, бұл  жылына жалпы өндіруден 9 641,37 млн кВт/сағатты құрайды. 

2019 жылы тамыз айында Жарма ауданында белгіленген қуаттылығы 30 МВт болатын күн электр станциясы сәтті пайдалануға берілді. Биыл Алтай ауданында Тұрғысын ГЭС-1-ді пайдалануға беру жоспарланған. 

2018 жылы өткен аукцион саудасының қортындысы бойынша Аягөз ауданы Ақтоғай кентінде 1 жер телімі қуаттылығы 100 МВт болатын жел элект станциясын салу үшін белгіленген. Станция 300 млн кВт/с дейін электр энергиясын өндіретін болады. Нысанды 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланған. 

2019 жылы өткен аукцион саудасының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында жалпы қуаттылығы 29,7 МВт болатын 6 жоба белгіленген. Бүгінде жобалық-ізденушілік жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Шығыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешен инвесторлар үшін тартымды

Шығыс Қазақстан облысы түрлі аграрлық жобалар үшін аса қолайлы жағдайлар тудыратын аса бай табиғатымен ерекшеленеді. Қуатты мал азығы базасы мал шаруашылығын дамыту үшін шексіз мүмкіндіктерге ие. Облыстағы ауыл шаруашылығы өзінің ерекшелігі жағынан дамыған өсімдік шаруашылығын қамтумен мал шаруашылығы бағытында. Мал шаруашылығы облыстағы жалпы өнім көлемінің 62% құрайды. 

Облыс сүт, бал, панта, күнбағыстың майлы дәндерін өндіру бойынша елімізде 1 орынды, ал ет өндіру бойынша 2 орынды алады. Сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясындағы салынған инвестициялар өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын 29%-дан 75%-ға дейін жүктемелеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ет өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша 2 жоба іске асырылуда. 

Өңірде қуатты және заманауи мал шаруашылығы инфрақұрылымын құру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі  82,9 млрд теңгені немесе 2019 жылғы деңгейге 111% құрады. 

2019 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 30,86 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 4,6 млрд теңгені құрады. 

2019 жылы облыста азық-түлік өнімдерінің өндірісі 132,3 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында 33,2 млрд теңге сомасына азық-түлік өнімдері шығарылды. 

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті мен Статистика комтетінің мәліметтері бойынша 2019 жылы $343,3 млн сомасына ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды, оның ішінде өңделген өнім ШҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы экспортынан 22,7% немесе $77,8 млн сомасында болды.   

Өңірдегі өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 20-дан аса еліне экспортталды: Ресей Федерациясы, Қытай, Иран Ислам Республикасы, Тәжікстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Түркіменстан, Германия, Түркия, Италия және басқа да елдерге.  

Шикізаттық емес экспорттың негізгі түрлері: бидай ұны, қарақұмық жармасы, сұйық май, құс еті, балық және балық өнімдері, шұжықтар мен консервілер, ақ май, сыр. 

ҚР Мемлекеттік инспекция және Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметтері бойынша 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында 11,6 мың тонна өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды, оның ішінде:   

● өсімдік шаруашылығы өнімдері — 11,5 мың тонна. 

● мал шаруашылығы өнімдері — 137,2 тонна.

Бүгінде облыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялау және жеңілдікпен несие беру тәрізді мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде. 

2019 жылы облыстағы ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау үшін 30,7 млрд теңге субсидия бөлінді. 2020 жылы бұл бағытта 26,98 млрд теңге субсидия бөлінген, оның ішінде өсімдік шаруашылығын қолдауға — 5,5 млрд теңге, мал шаруашылығына — 9,9 млрд теңге, инвестициялық субсидиялауға — 4,98 млрд теңге,басқа бағыттар бойынша — 6,5 млрд теңге.

12.05.2020 ж. мәліметтер бойынша несиелендіру бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалдары арқылы облыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 4 104,2 млн теңге сомасына несие берілген. 

2020 жылы ШҚО-да 39 мыңға жуық жұмыс орнын құру көзделген

Қазіргі кезде облыста жұмыссыздықпен күресу үшін барлық жағдайлар жасалуда. 

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, тұрғындардың тұрақты табысы болуы үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылуда.  

Бағдарлама аясында 77 млрд теңгеден астам сомаға 800-ден аса инфрақұрылымдық жобаны іске асыру қарастырылған, 20 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады, оның ішінде: 18870 уақытша және 1150 тұрақты жұмыс орны құрылады. 

Әр жоба бойынша іске асырудың әрбір кезеңінде қадамдық іс-әрекеттер алгортимі мен мониторинг тетігі әзірленген, оның ішінде конкурстық рәсімдерді өткізу, құрылыс-монтаж жүмыстарының барысы, бюджет қаражатын ай сайын игеру, нысанды пайдалануға беру және жұмыс орындарын құру бар. 

Мемлекеттік сатып алулардың конкурстық рәсімдері аяқталды, 811 жоба бойынша мердігер ұйымдармен келісімшарт жасалды, бұл нысандарда тиісті жұмыстар басталды. А.ж. 14 мамырдағы мәліметтер бойынша инфрақұрылымдық жобаларда  8301 жаңа уақытша жұмыс орны құрылған, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша 4237 уақытша жұмыс орны қамтылған. 

2020 жылғы 1 мамырдағы мәліметтер бойынша жұмыспен қамту органдары арқылы 7068 адам еңбекке орналастырылды, оның ішінде 3324 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 

2020 жылы облыста 39 мың жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде 12 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Биылғы 1 мамырдағы мәліметтер бойынша облыста экономиканың түрлі салаларында барлығы 7740 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 3769 - тұрақты жұмыс орны. 

Биылғы 1 мамырдағы мәліметтер бойынша жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген жұмыссыздардың саны 6652 адамды құрады, олар жыл бойы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға тартылатын болады. 

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардан  2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 

Тегін және кәсіптік білім беруді іске асыру үшін жыл сайын 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1730 орын бөлінеді. 

Техникалық және кәсіптік білім ТжКБ кадрларын даярлау бойынша мамандықтар тізіміне сәйкес Бағдарлама қатысушыларына тегін беріледі. 

2019-2020 оқу жылында 42 колледж базасында 42 сұранысқа ие мамандық бойынша 1730 орын бөлінді. Қазіргі кезде жаңа қабылдау бойынша 1601 адам оқытылуда. 

2020 жылғы 1 мамырдағы мәліметтер бойынша Бағдарлама бойынша  3858 адам оқытылуда. 2 жыл ішінде барлығы 687 адам оқуын аяқтады, оның ішінде 565 адам еңбекке орналастырылды. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 74 жобаны іске асыру жоспарланған  

2020 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен облыста жалпы аумағы 535,8 мың м2 болатын 118 көппәтерлі тұрғын үйді, 6 433 пәтер салу жоспарланған:

 ● мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен 42 несиеге берілетін тұрғын үй, 3 679 пәтер;

● сатып алу құқығынсыз 56 жалға берілетін тұрғын үй, 1 184 пәтер;

● «Ертіс» ӘКК» АҚ арқылы 8 несиеге берілетін тұрғын үй, 744 пәтер;

● жеке инвестициялар есебінен 12 коммециялық тұрғын үй, 826 пәтер.

Барлық қаржыландыру көздері арқылы тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша жылдық жоспарлы көрсеткіш 519,3 мың м2 құрайды. 

Сонымен қатар, облыста бүгінгі таңда жалпы аумағы 929,6 мың м2 болатын 11 382 пәтерді қамтитын 255 тұрғын үйді салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде және әзірлеуге жоспарлануда.  

«7-20-25»  ипотекалық несиелендіру бағдарлама аясында биылғы 6 мамырдағы мәліметтер бойынша облыста екінші деңгейлі банктер 11,8 млрд теңге сомасына ипотекалық тұрғын үй займдарын алуға 1 338 өтінім қабылданды, оның ішінде 7,4 млрд теңге сомасына 837 өтінім мақұлданды. 

Жалпы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы тұрғын үй мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға 25,5 млрд теңге қарастырылған, 74 жоба іске асырылып, 4396 жұмыс орны құрылады. 

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-бен «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру үшін биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігі 228 тұрғын үй займына 2,3 млрд теңге қарастырылған. 

Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысы жүргізілетін аудандарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 21 жобаны жүзеге асыру үшін 8,8 млрд теңге қарастырылған. Биылғы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 1,1 млрд  теңге аударылды, 984,8 млн теңгесі немесе 87,5% игерілді. 690 жұмыс орнын құру жоспарланған.  

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 397 шақырым жол жөнделеді

Өңірдегі жол-көлік инфрақұрылымының жай-күйі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы жағдайлар тудыру үшін негізгі шарттардың бірі. 

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы іске асырыла бастаған уақыттан бері республликалық маңызы бар жолдарды реконструкциялау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде, оның ішінде ұзындығы 407 шақырым болатын Орталық-Шығыс дәлізінің Омбы-Майқапшағай жолының реконструкциясы аяқталды, биыл Таскескен – Бақты (20 км) жолын жөндеу жұмыстары аяқталады, жалпы ұзындығы 889 шақырым болатын Қалбатау – Майқапшағай (415 км) және Алматы – Өскемен (454 км) жолдары займ қаражаты есебінен жүзеге асырылуда (биыл). 

Жаңа жолдар пайдалануға берілген жоқ, тек қолданыстағы жолдарды реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 81% құрайды, жыл қортындысы бойынша олардың көлемін 85%-ға дейін жеткізу жоспарланған. 

Биыл бұл салаға  102,8 млрд теңге инвестиция салынады, оның ішінде 82,3 млрд теңге — республикалық маңызы бар Талдықорған – Қалбатау – Өскемен, Қалбатау – Майқапшағай жолдарына, 20,5 млрд теңге — облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердегі көшелерге. Облыс бойынша орташа жөндеу жұмыстарымен 397 км жол және 83 км көше қамтылады. Сонымен қатар Семей – Қайнар, Өскемен – Алтай – Рахман қайнары, Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз тас жолдары бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Қазіргі кезде 10,3 млрд теңге сомасына Өскемен қаласының әуежайын және  4,7 млрд теңге сомасына Үржар ауылындағы әуежайды реконструкциялау жұмыстары басталды. Сонымен қатар, биыл Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу мәселесі шешілетін болады.  

Шығыс Қазақстан облысы туризмді дамыту бойынша елімізде көш басында 

2019 жылғы ресми статистика бойынша туристердің саны 612 689 адамды құрады, бұл еліміз бойынша 4-ші орын. 

2018 жылмен салыстырғанда туристер саны 8,4%-ға ұлғайды. Кірушілер туризмі (резиденттер емес) бойынша келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артып, 29 741 адамды құрады. 

Ішкі туризм бойынша келушілер саны (резиденттер) өткен жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артты және 582 948 адамды құрады. 

Соңғы үш жылда  келушілер динамикасы біршама артты, мәселен 2016 жылдан 2019 жыл аралығында туристер ағымы 33%-ға артты. 

Бүгінде облыста 576 орналастыру орны бар, оның ішінде 10 743 нөмір қамтылған. 

Шығыс Қазақстан облысы еліміз бойынша орналастыру орнының саны жағынан және оның бір мезеттегі сыйымдылығы бойынша көш басында екенін атап өткен жөн, яғни 33 629 төсек-орынды құрайды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға артық. 

Жалпы, облыс бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 2 933 млн теңгеге 25 туристік нысанның құрылысы басталды, олар орналастыру орындары: отельдер мен демалыс үйлері. 

Сонымен қатар 2020 жылы Алакөл көлінің жағалауында ашық аспан астындағы сахна мен би алаңының құрылысы басталды. Құны 200 млн теңге тұратын жоба «Ақ ниет» өңірлік бағдарламасы аясында қаржыландырылды. 

Кешенде 3000 отыратын орынды қамтитын алаңды, жазғы терраса мен балалар алаңының құрылысын қамтиды.    

Сонымен қатар көл жағалауында «Керуен Плаза» ірі туристік кешенінің құрылысы басталды, ол 220 төсек-орынға шақталған, мейрамханасы, жазғы дәмханасы мен бассейні бар. Жоба құны — 1,5 млрд теңге, 2022 жылы іске асырылады.

Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру көл жағалауында 130 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

Алакөлге апаратын тас жолды абаттандыру 2021 жылы аяқталады

2019 жылы сәуір айында Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туристік инфрақұрылымның жай-күйін сынға алып, Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп курорттық аймақ инфрақұрылымын жақсарту бойынша кешенді шараларды әзірлеп, қабылдауды тапсырды. 

«Қазіргі жағдайда туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері әрі жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Туризмді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы аясында жылына 2 миллионнан астам турист тарта алатын Алакөл жағалауы, 10 негізгі туристік орталықтың қатарына енді. Былтыр көптеген қазақстандықтар Алакөлде демалуды жөн көрген, алайда,  оларға сапасыз қызмет көрсетілген. Халық жергілікті автомобиль жолдарының тозып кеткеніне шағымданды. Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының әкімдеріне жергілікті жолдарды жөндеу, қызмет көрсету сапасының деңгейін көтеру мәселелерін тез арада шешуді тапсырамын», – деді Президент. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұраққа жауап бере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 2017 жылы Алакөл көлінің жағалауына апаратын негізгі жолды - Таскескен-Бақты республикалық маңызы бар автожолды реконструкциялау басталғаны туралы хабарлады. 2020 жылы 20 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланған. Қалған учаскелер бұған дейін қайта жөнделген. 

Одан соң көлге апаратын жол Мақаншы – Жалаңашкөл Барлық Арасан – Алакөл көлі облыстық маңызы бар автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады. 

Мақаншы – Жалаңашкөл автомобиль жолы бойынша 2011-2016 жылдар аралығында жалпы сомасы  2 690,242 млн теңгеге барлық 133 км жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Мақаншы – Жалаңашкөл автомобиль жолының жабыны асфальтбетон, қанағаттандырарлық күйде.  

2014 жылдан 2016 жыл аралығында  «Барлық Арасан – Алакөл көлі» автомобиль жолы арқылы 15,7-23 шақырым учаскелеріне күрделі жөндеу жүргізілді. 

Жалаңашкөл темір жол станциясынан жол Мақаншы – Жалаңашкөл облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойымен өтеді. 

Табиғатты қорғау шаралары: 6 жылда шығарынды көлемі 10 мың тоннаға азайды 

Өңірдің табиғи мұрасы және қарқынды дамуы техногенді ластаушылардың тұрақты туындауына себеп болды, ластаушылар негізінен Өскемен қаласында шоғырланған.   

Бұл ретте, әкімдікте атап өткендей, облыс бойынша соңғы 6 жылда ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 10 мың тоннаға дейін азайған. 

Соңғы 4 жылда атмосфераға шығарындылар көлемінің стаститикалық көрсеткіштері 130 мың тоннаға жуықты құрайды. 

Өскемен қаласы бойынша шығарындылар 7 мың тоннаға азайған. 

Ластаушылардың негізгі үлесі 2 кәсіпорынға —  «Қазмырыш» ЖШС және «Өскемен ЖЭО» тиесілі. 

Бұл ретте, «Қазмырыш» ЖШС соңғы 15 жылда шығарындылар 41,7 мың тоннадан аса (70%-ға) төмендеген. Жылу энергетикасы нысандары сонымен қатар шығарындыларды азайту мәселесін шешу бойынша жұмыстарды жүргізуде. 

Соңғы 5 жылда ірі кәсіпорындар табиғатты қорғау шараларына 27,2 млрд теңге инвестиция салды. 

Риддер металлургия кешенінде «Қазмырыш» ЖШС ГидроПолиМет атмосфералық сілтісіздендіру зауытының құрылысы қарастырылған, орындалу мерзімі - 2022 жыл, күтілетін тиімділігі - күкірт диоксиді шығарындыларын 7%-ға дейін азайту.   

«Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС 2020 жылы 500 млн теңге сомасына құбыртүтік фильтрін орнатумен айналмалы пештердің қос тоңазытқыштарының тозаң тұтқыш қондырғысын реконструкциялау жоспарланған, шаң шығарындыларын азайтудан күтілетін тиімділігі  — 456 тоннаға дейін.

2019 жылы 8 қарашада «Қазмырыш» ЖШС Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен табиғи ортаға жүктемені 20%-ға дейін азайту үшін озық технологияларды енгізу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты (2025 жылға дейін).  

Алдағы 3 жылда бірінші санаттағы 4 кәсіпорында  (Өскемен металлургия кешені, Үлбі металлургия зауыты, Өскемен титан-магний комбинаты, Өскемен ЖЭО) шығарындыларға мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарланған, оның мәліметтері өкілетті органға берілетін болады. 

Өскемен қаласының Алтай тауларының баурайында орналасқанын атап өткен жөн, яғни, желсіз тымық немесе желдің жылдамдығы аз болатын ерекше метеорологиялық жағдайларды білдіреді,  бұл атмосфераның жер бетіндегі қабатында зиянды эмиссиялардың жинақталуына, одан соң күн радиациясының әсерінен фитохимиялық түтіннің түзілуіне ықпал еткен. 

Осыған байланысты, экологиялық қызметтер қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алған кезеңдерде зиянды эмиссияларды азайту бойынша кәсіпорындардың іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі. 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшін экологиялық мониторинг жүйесі ұйымдастырылды (Қазгидромет бекеттеріне қосымша), тұрғындар үшін экологиялық ақпаратты кедергісіз онлайн алуы үшін жағдайлар жасалды.  

Үздіксіз онлайн-мониторинг зиянды заттардың шектен тыс шоғырлануы фактілеріне шұғыл үн қатуға мүмкіндік береді. 

Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының негізгі бағыттарын ескерумен, қоршаған орта сапасының нормативтеріне кезең-кезеңмен қол жеткізу мақсатында облыс әкімдігі 2020-2024 жылдарға арналған ШҚО қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері әзірленді, онда ЖЭО үшін екінші буындағы эмульгаторлары ауыстырылатын заманауи күл тұтқыш құрылғыларды енгізу, Өскемен қаласындағы автокөлікті газ отынына ауыстыру, қаланың көлік схемасын оңтайландыру, 2020-2030 жж. кезең-кезеңмен қаладағы жекеменшік сектордағы тұрғын үй алаптарын газбен жылытуға көшіру, күлділігі мен құрамындағы күкіртті қосымша азайту мақсатында  «Қаражыра» кен орнында көмірді байыту технологиясын енгізу қарастырылады.    

Қазақстан  Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында облыстық Табиғи ресурстар басқармасы Экология департаментімен бірлесіп 2020-2024 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын сауықтыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі, ол бюджет және кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 29 млрд теңгеге қаржыландырылады. 

Кешенді жоспарды іске асыру Өскемен және Риддер қалаларында атмосфералық ауаның ластану деңгейін едәуір азайтып, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.  

Қазіргі кезде Экология департаменті Өскемен қаласындағы кәсіпорындардың қолайсыз метеорологиялық жағдай режимін сақтауына бақылауды күшейтті. 

Көше жол желісін жетілдіруге және реконструкциялауға, көпірлер мен өткелдер салуға аса көп көңіл бөлінуде. Өскемен қаласында жолдарды кеңейту бойынша жұмыстар атқарылды. Осылайша, ауа айналымының табиғи арналары түзіледі. 

Елді мекендердің айналасында жасыл белдеулер жасалуда. «Жас Өркен» өңірлік бағдарламасы қабылданып, сәтті іске асырылды, 170,3 мың ағаш (Өскемен қаласында 15,5 мың көшет) отырғызылды. Көгалдандыру келесі жылы да жалғасады. 

Облыстағы барлық мектептер заманауи жабдықтармен қамтылған

Тәуелсіздік жылдары облыста 167 білім беру нысаны салынды, оның ішінде 37 845 орындық 143 мектеп, 5 390 орынға шақталған 24 балабақша.

Облыста апатты мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептер жойылды. Мектептерде орын тапшылығын қысқарту жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Осы жылы жаңа оқу жылының басында Абай ауданы Қарауыл ауылында 300 орынға арналған жаңа мектептің құрылысы аяқталады.

Облыс бойынша орын тапшылығын қысқарту үшін 2021-2025 жылдары 5200 орындық 6 мектеп салу жоспарлануда.

Елбасының 2018 жылғы 5 наурыздағы Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес 2018-2019 жылдары облыс бойынша 1 263 орынға 5 жаңа студенттік жатақхана ашылды, оның ішінде:

● 3 — мемлекеттік ЖОО-лар мен колледждерде 1 052 орынға;

● 2 — жеке ЖОО-лар мен колледждерде 211 орынға.

2020-2022 жылдары студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік жоғары оқу орындары мен колледждер үшін 2 848 орынға 7 жатақхана, оның ішінде 1540 орынға 2 ЖОО үшін және 1308 орынға 5 колледж үшін салынатын болады.

Оның ішінде 288 орынға арналған Семей қ.  колледжіне арналған бір жатақхана осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Облыс әкімінің бастамасымен 2018-2019 жылдары «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламасы аясында «Парыз» қорының қолдауымен облыс бойынша «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ стандарттары бойынша облыс мектептерін жарақтандыруға бағытталған «Менің мектебім» жобасы жүзеге асырылды.

Екі жыл ішінде облыстың барлық 648 мектебі заманауи жабдықтармен, оның ішінде:

● 2018 жылы демеушілік қаражат есебінен 277 толық жиынтықты орта мектеп 476 жаңа модификациялы кабинеттермен жарақтандырылды;

● 2019 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен облыстың 371 шағын жинақты мектебінде 371 АТ-сыныбы ашылды.

Облыстың білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуды, Wi-Fi, цифрлық білім беру мазмұнын енгізуді, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды, АТ-мамандарын даярлауды қамтитын цифрлық технологияларды пайдалану есебінен білім беру процесін жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралар іске асырылып жатыр.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілік мәселесін шешу, кезектілікті қалыптастыру және жұмыс істеу процесін автоматтандыру және барлық 340 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру үшін кезектілікті автоматты түрде бөлу және балабақшаларға жолдама беру жүйесі енгізілді. 2019 жылы осы платформаның көмегімен 25 мыңнан астам жолдама берілді.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды. 2019 жылы 1 маусым мен 30 тамыз аралығында аталған жүйенің көмегімен 21 372 бірінші сынып оқушысы мектепке қабылданды.

Барлық 648 орта білім беру мекемесі «Kundelik.kz» бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылған, бұл мектептердің жалпы санының 100% құрайды. Жүйеге 25 422 мұғалім, 191 422 оқушы және 151 987 ата-ана тіркелген.

Облыста 648 мектеп 4 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған. Бұл мақсатқа қалалар мен аудандардың жергілікті бюджетінен 650,3 млн теңге бөлінді.

Жалпы білім беретін мектептер мен мемлекеттік балабақшалардың 100%-ы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 2019 жылы Өскемен қаласында білім беру ұйымдарындағы бейнекамералар Ведомствоаралық бірыңғай ситуациялық орталыққа шығарылды.

Облыста білім беру ұйымдарының 100%-ы компьютерленген. Іске асырылған «Менің мектебім» бағдарламасы мектептердің компьютерлермен және интерактивті панельдермен қамтамасыз етілу көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік берді. Компьютер техникасының жалпы саны 33 131 бірлікті құрайды. Оқушылар саны 1 компьютерге 6-ға дейін төмендеді.

Мектептерді жабдықтау, АТ-сыныптарын ашу, педагогтардың біліктілігін арттыру балалардың АТ-бағыттары бойынша білім деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Жыл сайын облыстық АТ-форумдар, фестивальдар, хакатондар өткізіледі, онда оқушылар, колледждер мен ЖОО студенттері ғылыми-технологиялық және АТ саласындағы өз жобаларын көрсетеді.

Биылғы ақпан айында АТ-құзыреттілігі бойынша чемпионаттар мен АТ-фестивальдардың аудандық (қалалық) кезеңдері өткізілді: базалық бағдарламалау және Arduino, 3D модельдеу және роботты техникадағы құрылғыларды бағдарламалау.

«Цифрлық Шығыс-2019» облыстық АТ-форумы аясында әр түрлі қызмет салаларын автоматтандыруға бағытталған оқушылардың 15 АТ-жобасы одан әрі іске асыру үшін облыс әкімінің гранттарына ие болды.

Start Up-жобаларды дамыту үшін «Jastar Time» инновациялық орталығы ашылды, онда 2D/3D графика, бағдарламалау, бейнефильмдер жасау, бизнес және кәсіпкерлік негіздері бойынша оқушылар оқытылады. Орталық АТ саласында тәжірибемен және идеялармен алмасуға арналған кәсіби бағдар беру және іскерлік алаң қызметін атқарады.

Оқу курсын Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУжетекші ғалымдары дайындап, жүргізеді. Бағдарлама мектептегі бағдарламаны қайталамайды және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған. Орталыққа қабылдану үшін оқушылар портфолио ұсынады және математика, логика және ағылшын тілі бойынша тест тапсырады. Курс қорытындысы бойынша балалар әзірлеген АТ-жобаларын сарапшылар алдында көрсетеді, олар өз кезегінде жобаны жақсарту және оны одан әрі қолдану бойынша ұсыныстар береді.

Бүгінгі таңда барлық мектептер «Bilimland» интернет-ресурсына қосылған, онда ҚР БҒМ сараптамасынан өткен және жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасын қамтитын 10 000-ға жуық интерактивті сабақтар, виртуалды зертханалар, бейнефильмдер мен аудиофайлдар бар.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының ақпараттық қоғамға көшуін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында білім беру жүйесінде «E-College» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба қағаз құжат айналымының көлемін қысқартуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Автоматтандырылған жүйе барлық мемлекеттік колледждерде (100%) енгізілді.

Білім беру жүйесін цифрландыру жұмысы әлі де жүргізіліп жатыр.

Денсаулық сақтау нысандарының 95%-ында интернет қосылған

Шығыс Қазақстан облысында медициналық қызмет көрсету сапасы үнемі жақсартылып тұрады, бұған медицина кадрларының білім деңгейін арттыру жолымен қол жеткізіледі. Ол үшін медицина қызметкерлерін оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы енгізілді. Бүгінгі таңда 5 511 маман біліктілігін арттырды, ол үшін 3,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:

  • Семей қаласының медициналық университеті және республикалық ҒЗИ базасында 3 700 брінші буын дәрігері;
  • 1 535 дәрігер қазақстандық және халықаралық мамандарды тарту арқылы 91 шетерлік сыныбына қатысты;
  • 276 маман Ұлыбритания, Германия, Жапония, Италия, Польша, Литва және Израиль клиникаларында оқудан өтті.

2020 жылы Израиль мен Түркия клиникаларында 46 маманды оқыту, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық мамандарды тарту арқылы жалпы сомасы 567,8 мың теңгеге шетерлік сыныптарын өткізу жоспарлануда.

Шығыс Қазақстан облысында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсынатын 117 дербес мемлекеттік және жеке ұйымдар жұмыс істейді. Олардың құрамына 543 бөлімше кіреді.

Негізгі 117 медициналық ұйым түрлі жолмен (спутниктік байланыс, ұялы байланыс, талшықты-оптикалық тарату желісі) интернет желісіне 100% қосылған.

ШҚО бас медициналық ұйымдарының құрамына кіретін 543 бөлімше интернет желісіне қосылған:

1. дәрігерлік амбулаториялар интернет желісіне 100% қосылған;

2. фельдшерлік-акушерлік пункттер интернет желісіне 100% қосылған;

3. 313 медициналық пункттің 278-і интернет желісіне қосылған, бұл 89% құрайды.

Осылайша, интернет желісіне 625 медициналық нысан қосылған, бұл барлық денсаулық сақтау объектілерінің 95% құрайды.

Аудандық деңгейден төмен медициналық ұйымдар Интернет желісіне 94% қосылған.

Интернет желісіне қосылудың орташа жылдамдығы — 1024 Кбит/с. Алыстағы елді мекендерде жылдамдық 250 Кбит/с дейін төмендеуі мүмкін. 

ШҚО-да электрондық форматта медициналық құжаттарды жүргізуде кедергісіз жұмыс істеу үшін 8 222 жұмыс орны 100% компьютер техникасымен жабдықталған.

Медицина ұйымдарын медициналық ақпараттық жүйелермен (МАЖ) қамту 100% құрайды. МАЖ жұмысына 12 419 медицина қызметкерінің 12 116-сы оқытылды, бұл 98% құрайды. 

Бірыңғай төлем жүйесімен, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен, «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесімен 100% интеграция жасалды.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының халқы 100% өңірлік электрондық денсаулық паспорттарымен қамтылған. Медициналық ұйымдарда цифрлық сауаттылық бекеттері орнатылған. Скринингтен өту қажеттілігі туралы push-хабарламаларды таратылып тұрады.

Д-есепте тұратын емделушілерге арнайы мобильді қосымша орнатылады, соның арқасында диспансеризация бойынша қабылдауға алдын ала жазылу жүргізіледі, электрондық тегін рецептер және т. б. жазылады.

Интернетте белсенді халықты мобильді қосымшалармен қамту 75%-ды құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында созылмалы жұқпалы емес аурулардың таралу проблемасының өзектілігін ескере отырып, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, 2013 жылдан бастап созылмалы инфекциялық емес аурулардың патологиясы алғаш анықталған тұлғалар арасында Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) пилоттық жоба аясында енгізілді. Қауіп факторларының жоғары таралуы созылмалы жұқпалы емес аурулардың жоғары таралуын қалыптастырды. АББ-ға енген созылмалы инфекциялық емес ауруларға күретамыр гипертензиясы, қант диабеті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жатады. Дәл осы аурулар Қазақстан халқының аурушаңдығы мен өлім-жітімінің құрылымын бастап тұр.

Облыста диспансерлік есепте барлығы 200 086 пациент тұр, оның ішінде 144 107 пациент күретамыз гипертензиясымен, 34 833 — қант диабетімен, 21 146 — созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ауруымен.

АББ-ға 63 203 пациент алынды, оның ішінде күретамыр гипертензиясы бар — 46 061 пациент, қант диабеті бар — 11 984 науқас, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар — 5 158 науқас. Облыс бойынша АББ-мен қамту 31,6% құрайды.

АББ-мен пациенттерді қамтуды арттыру және тарту жұмысы алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек деңгейінде жүргізіледі. 2020 жылдың соңына дейін АББ пациенттерін болжамды қамту — 60%.

Өскемен қаласында «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында «Senymdy dariger» жобасы — Remsmed платформасында жұмыс істейді, ол науқастарға қашықтан медициналық консультация беруге мүмкіндік береді.

Дәрігерге келесі мүмкіндіктер беріледі:

  • емдеу жоспарының сақталуын қашықтан бақылау;
  • медициналық көрсеткіштер мониторингі;
  • пациенттер жағдайының өзгеруі туралы хабарлама алу;
  • сауалнамаларды құрастыру;
  • құжаттармен алмасу.

Емделушілер үшін:

  • емдеудің жоспарын көру;
  • смарт-құрылғылар арқылы өлшенетін денсаулық көрсеткіштері бойынша мәліметтерді енгізу, өзін қалай сезінетіні туралы сауалнамаларды үнемі толтырып отырп, шағымдарын жазу, өзінің медициналық тарихын толтыру;
  • дәрі-дәрмектерді қабылдау немесе анализ тапсыру қажеттілігі туралы ескерту алу;
  • күнтізбедегі оқиғаларды басқару;
  • бейнебайланыс немесе чат арқылы дәрігермен қарым-қатынас орнату;
  • жүйеге біріктірілген құрылғылардың көптігі.

Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде телемедицина енгізілген, ол шалғай аудандардағы дәрігерлерге облыстық сарапшылардан, республикалық ғылыми-зерттеу институттарының сарапшыларынан ауданнан шықпай-ақ кеңес алуға мүмкіндік береді. Даулы немесе ауыр жағдайларда дәрігерлердің бірлескен консилиумдарын өткізуге мүмкіндік бар.

Биыл облыстың медициналық ұйымдары ангиографиялық жүйелермен (Алтай және Аягөз ауданаралық ауруханалары), желілік жеделдеткішпен (Онкология және хирургия көпбейінді орталығы), өкпені жасанды желдету аппараттарымен (барлық ауруханалар), мобильді цифрлық рентген аппараттарымен жарақтандырылып жатыр.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының шекаралас аудандарын дамыту жөніндегі 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында аудандық ауруханалардың босандыру бөлімдері заманауи жабдықтармен (жаңа туған нәрестелерге арналған ашық реанимациялық жүйе, көлік инкубаторы, тромбоэластограф және т. б.) жарақтандырылуда. Жалпы сомасы — 640 млн теңге.

Кәсіпкерлікті қолдауға басымдық берілген

Шағын және орта бизнесті дамыту — мемлекеттің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдау белсенді іске асырылуда, бұл негізгі көрсеткіштердің жоғары мәндеріне қол жеткізуге жол ашады.

Бүгінгі таңда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 100 977 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері — 86 752 бірлік.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 232 543 адамды құрады, 2018 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны — 100,3%. ШОК субъектілері шығаратын өнім көлемі атаулы мәнде 211,3 млрд теңгеге немесе 2018 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға ұлғайып, 1 248,6 млрд теңгені құрады. ШОБ субъектілерінің өнім шығару индексі 114,3% құрады.

Осы жылдың І тоқсанында облыстың  шағын және орта бизнесі жалпы сомасы 75,6 млрд теңгеге салық төледі, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 130,3%-ды құрайды.

Отандық өндірушілерге әрекет етіп тұрған Мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ қазақстандық бизнесті дамытуға бағытталған жаңа бағдарламалар аясында да қолдау көрсетілуде.

Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілері несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепіл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру және бизнес объектілеріне жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды жеткізу түрінде қаржылық қолдау және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту, мамандардың біліктілігін арттыру түрінде қаржылық емес қолдау ала алады.

Қазіргі уақытта дағдарысқа қарсы шаралар барысында БЖК-2025 бағдарламасына несие беру тетігі тұрғысынан өзгерістер енгізілді, ұсынылған редакцияға сәйкес субсидиялау қосымша қаржылық жүктемесіз, соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерінде біріздендірілген шартпен жүргізіледі, ал айырмасын мемлекет төлейді.

Несиенің жоғарғы шегі бір қарыз алушыға 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылып, салалық шектеулер алынып тасталды (сауданы қоспағанда), несие беру кезінде — ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 360 млн теңгеге дейінгі несие сомасы кезінде 85%-ға дейін, бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлер үшін 1 млрд теңгеге дейінгі несие сомасы кезінде 50%-ға дейін кепілдіктер беру тетігі оңайлатылды.

2020 жылы БЖК-2025 іске асыруға 6 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында жалпы несие сомасы 175 млрд теңге болатын 1219 жоба субсидияланды, төленген субсидия сомасы 15,5 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың 4 айында жалпы несие сомасы 1,8 млрд теңге болатын 38 жоба бойынша субсидиялау шартына қол қойылды.

Жалпы сомасы 17,6 млрд теңгеге 505 жоба кепілдендірілді, берілген кепілдік сомасы 7,2 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың 4 айында 882,4 млн теңге несие сомасына 22 жоба кепілдендірілді, кепілдік сомасы 369,5 млн теңгені құрады.

222 жоба бойынша 585,5 млн теңгеге гранттар берілді.

Бизнес жүргізу негіздеріне оқыту және әлеуетті әрі жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу бойынша қаржылық емес қолдау аясында «Бизнес – Кеңесші» және «Бизнес – Өсу» компоненттері бойынша 14,7 мың тыңдаушы, «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша 422 адам оқудан өтті.

«Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» жобасы аясында 21,2 мың клиентке 50,9 мың сервистік қызмет көрсетілді.

Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында 79,8 мың клиентке 134,5 мың кеңес берілді.

Барлығы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында облыс кәсіпкерлері 41,3 млрд теңге салық төледі, 1 043,3 млрд теңге сомасына өнім шығару қамтамасыз етілді, 4,5 мың жұмыс орны ашылды.

Өңірлік деңгейде кәсіпкерлердің басым жобаларын іске асыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, 2016 жылдың соңында «Ақ-Ниет» ШОК субъектілерінің жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Қазіргі таңда дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру тетігіне өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, салалық шектеулер (оның ішінде бөлшек сауда) жойылды, кредиттің ең жоғары сомасы 50 млн теңгені құрайды, несие мерзімі инвестицияға 7 жылға дейін және айналым қаражатын толықтыруға — 3 жылға дейін.

Бағдарлама іске асырыла басталғалы бері (2016 жыл) осы мақсаттарға 4,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2,25 млрд теңге облыстық бюджет қаражатынан және 2,25 млрд теңге «Даму» қорының қаражатынан. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қайтарымды қаражатты есепке ала отырып, 4,9 млрд теңге сомасына 120 жоба қаржыландырылды, оның ішінде 2019 жылы қайтарымды қаражатты есепке ала отырып, 1,2 млрд теңгеге 48 жоба қаржыландырылды.

Бизнесті қолдаудың тағы бір шарасы ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Басқармасының Қаулысымен төтенше жағдайды енгізуден зардап шеккен ШОК субъектілеріне жылдық 8% мөлшерлемемен 12 айдан аспайтын мерзімге, айналым қаражатын толықтыруға салалық шектеулерсіз ШОК субъектілері үшін 3 млрд теңгеге дейін және ЖК үшін 50 млн теңгеден аспайтын жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бекітілді.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ұлттық банк 600 млрд теңге бөлді, олар 12 екінші деңгейлі банктерде орналастырылған. Оператор ретінде «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ белгіленді. Несие қаражаты тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жалақыны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеуге бағытталуы мүмкін. 

12.05.2020 жылғы жағдай бойынша төтенше жағдайды енгізуден зардап шеккен ШОБ субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға ЕДБ-ге ШОБ субъектілерінен 15,9 млрд теңге сомасында айналым қаражатын толықтыруға 47 өтінім келіп түсті.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 12 мамырдағы шұғыл ақпарат бойынша ШҚО-да Екінші деңгейлі банктер мен Аграрлық несие корпорациясы 11,8 млрд теңге сомасына 151 жобаны мақұлдады. ЕДБ мен АНК қарауында 1,9 млрд теңге сомасына 27 жоба жіберілген.

Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында қалалар мен моноқалаларда шағын несие беру бойынша 2017 жылдан 2020 жылға дейін 4,067 млрд теңге сомасына 356 жоба несиелендірілді, оның ішінде 2020 жылы 230,56 млн теңге сомасына 21 жоба несиелендірілді.

Ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 4 тірек елді мекенде 3,5 млрд теңгеге 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Облыстың 116 тірек ауылы арнайы жобаға кіреді және мемлекеттік қолдауға ие болады. «Таза су» бағдарламасы бойынша құны 62 млрд теңге болатын 69 жоба іске асырылуда, оның ішінде 21 нысан пайдалануға беріледі.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 78% құрады.

2020 жылы жалпы құны 59,9 млрд теңге болатын 130 жобаны жүзеге асыру үшін 23,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 111 жобаға АЕМ-ге 16,2 млрд теңге бөлінді:

● 59 өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша;

● 2 жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша;

● 50 АЕМ блоктық модульдерді орнату бойынша.

2020 жылы барлығы 111 жобаның 92 объектісін іске қосу жоспарланған, оның ішінде 20 мың адам қамтылады:

● 13,4 мың адамға арналған 17 құрылыс нысанын іске қосу;

● қалпына келтіру бойынша 10 нысан.

● 6,4 мың адамға арналған 50 АЕМ-де БМС орнату;

01.05.2020 ж. жағдай бойынша ауылдық елді мекендерде құрылыстың жалпы сомасы 18,4 млрд теңге болатын 26 ЖСҚ әзірленді, құрылыстың жалпы құны 26,3 млрд теңге болатын 48 ЖСҚ әзірлеудің әртүрлі сатысында тұр.

2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда келесі көрсеткіштер күтілуде:

Облыс бойынша халықтың сумен жабдықтауға қол жеткізуі:

● АЕМ сумен қамту — 76,9%, өсім 9,8%;

● халықты қамту — 81%, өсім 3%.


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу