Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді

13 шілде 2017, 16:05
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында агро қайта өңдеуді индустрияландыру, сонымен қатар облыстар мен аудандар тұрғысынан 2017-2021 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу картасының жобасы қаралды.