Қазақстанда шөптің 80% астамы дайындалды – ҚР АШМ

09 тамыз 2016, 17:33

Ү.ж. 5 тамызындағы жағдай бойынша 14,8 млн тонна шөп дайындалды, бұл жоспарланған көлемнің 81%-ын құрайды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, бұл 2015 жылдың 5 тамызындағы деңгейінен 205,8 мың тоннаға артық.

Сондай-ақ 397 мың тонна пішен, 14,1 мың тонна сүрлем, 478,5 мың тонна сабан дайындалды.