Қазақстанда сібір жарасы бойынша эпизоотиялық ахуал бірқалыпты – ҚР АШМ

03 тамыз 2016, 21:41

Қазақстанда сібір жарасы бойынша эпизоотиялық ахуал бірқалыпты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

Сібір жарасы дүниежүзі бойынша көптеген елдерде адам және мал бойында кездесетін ауру. Бұл дерт елдердің ветеринариялық қызметіне немесе экономикалық даму деңгейіне бағынбайды.

Бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның сібір жарасы таралған жерлерді ғана емес, еліміздің бүкіл облыстарын да қатаң қадағалауда ұстап отыр.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекцияларының хабарламалары бойынша Қазақстанның өңірлерінде сібір жарасы бойынша эпизоотиялық ахуал бірқалыпты.

Сондай-ақ, Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы эпизоотиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше іс-шараларды ұсынды.