Павлодар облысында егін жинау науқаны басталды

10 тамыз 2016, 19:13
Фото: total.kz

Ағымдағы жылы Ертіс маңында 676,6 мың га аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. 10 тамыздағы жағдай бойынша өңір аумағында 3,5 мың га егіс алқабы жиналып, астық өнімділігі 9,7 ц/га құрады.

Қазіргі таңда Павлодар облысы күзгі-далалық жұмыс басталған 7-ші өңір. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орым науқаны қызу жүріп жатыр.

Жалпылай алғанда, республика бойынша 10 тамызға 731,8 мың га жиналып, орташа егіс өнімділігі 21,7 ц/га, ал бастырылған егін 1590,4 мың тоннаны құрап отыр.