Кәрім Мәсімов ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларына үндеу арнады

05 тамыз 2016, 22:42
Ақмола облысы

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астана маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту мәселелері бойынша кеңес барысында ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларына үндеу арнады.

ҚР Премьер-Министрі ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларына ресми үндеу арнады. Өз сөзінде  Кәрім Мәсімов Одақ елдерінің ет-сүт өнімдері үшін техникалық регламенттер әзірлеу мәселесін қарастыруды ұсынып, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке сәйкес үндеу әзірлеуді тапсырды. Оның отандық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін маңызы зор.