Кәрім Мәсімов АӨК өкілдерімен азық-түлік өнімдерінің бағасын белгілеу мәселелерін талқылады

05 тамыз 2016, 22:12
Ақмола облысы

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Астана маңында азық-түлік белдеуін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы Астананың азық-түлік белдеуі аясында азық-түлік өнімдеріне бағаны белгілеу мәселелері болды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананы дамыту жөніндегі кеңестерінде елорда тұрғындарын азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету мәселесін жиі көтереді. Қазіргі таңда Астананың азық-түлік белдеуі әлі күнге дейін іске қосылмады, ал елордада азық-түлік бағалары еліміз бойынша ең жоғары. Премьер-Министр мәселені шешу үшін тиісті шешімдер қабылдануы керектігін атап өтті.

Ол ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке елордадағы сауда орындары еліміздің солтүстік және орталық облыстарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істемейтінін айтты. Қолжетімді бағадағы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету  бірінші кезектегі мәселе екені даусыз, ал ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында оның өзектілігі арта түседі.

Өндірушілердің өндірістерін кеңейтіп, елорда тұрғындарына өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүмкіндіктері бар. Алайда, Астана нарығына шығу, сауда-логистикалық инфрақұрылымның жетіспеуі, өндірістік қуаттарды жүктемелеуге қатысты бірқатар мәселелер әлі шешім таппаған.

Осыған орай, Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен және Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп жұмыс істеуді, сондай-ақ бағаны белгілеу мәселелерін шешу үшін айтылған ескертулер мен ұсыныстар шешімі бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Анықтама үшін:

Алғаш рет Астана маңында азық-түлік белдеуін құру қажеттігі туралы Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылды.

Елорда тұрғындарын отандық өнімдермен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік белдеуі аумағы белгіленді, оған қаладан 300 шақырым аумақтағы Ақмола облысының 17 ауданы және Қарағанды облысының 4 ауданы енді. Қазіргі кезде аталған азық-түлік белдеуіне қатысушы аудандар азық-түлік өнімдерін тұрақты жеткізуде.   

Астана халқы жылына 570 мың тонна әлеуметтік маңызы зор азық-түлік өнімдерін тұтынады. Оның ішінде қаланың өзінде өндірілетін өнімдер азық-түлік белдеуінің аумағынан жеткізілетін өнімнің 13% және 35% қамтиды, азық-түлік белдеуінен тыс импорт көлемі 52% құрайды.