ҚР Үкіметі АӨК-тегі экспорттық саясатты іске асырудың жол картасын әзірледі

03 сәуір 2017, 17:23
Фото: primeminister.kz

Жол картасы Қазақстан қызығушылығындағы елдердің нарықтары мен өнімдерінің басымдықты түрлері бойынша әзірленген. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

Экспорттың барынша басымдықты нарықтары ретінде ЕАЭО, ҚХР, Иран және Парсы шығанағы елдері анықталды.

Қазақстандық жеткізушілер ЕАЭО елдері бойынша еркін қозғала алады, олар үшін ешқандай да кедергілер жоқ, сол себепті де ЕАЭО нарықтары таңдалды. Қазақстан, сондай-ақ, өзге елдермен салыстырғанда Қытай нарығында да белгілі бір артықшылықтарға ие. Мәселен, өнім өндірісі көлемінің ауқымды әрі өзіндік құны төмен болатын елдер бар. Қазақстан өз кезегінде экологиялық таза органикалық өнім шығарылатын нарықта бәсекеге қабілетті бола алады. Иранда біздің «Халал» брендіміз жақсы танымал.

«Қазір біз технологиялық сарапшылармен бірге өз тауарларымызды «Халал» талаптарына сәйкес сертификаттау жұмыстарын жүргізудеміз және Иран мен Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына халал өнімдерін таситын ірі жеткізуші болуды көздейміз»,- деді Г. Исаева.

Вице-министрдің айтуынша, өзге елдерге өнім жеткізудің жеке түрлері де бар, дегенмен олар ҚР АШМ алдағы бесжылдыққа жоспарлағандай үлкен көлемді бермейді.

Жол картасы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін шетел нарықтарына шығарудан өзге, елімізге шетел инвестицияларын тартуға да бағытталған.

«2017 жылы біз келісімдерге қол қойдық және бүгінде аталған мәселелер бойынша жұмыстарды жеделдету бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігімен бірлескен бұйрықтарды іс жүзіне асыру жұмыстары жүргізілуде», - деп түйіндеді сөзін Г. Исаева.

1/3
2/3
3/3