Премьер-Министр Алматының азық-түлік белдеуіне кіретін кәсіпорынды аралады

15 тамыз 2016, 18:17
Алматы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Байсерке Агро» агроөнеркәсіп кешенінің өндіріс қуатымен танысты.

Алматыға жұмыс сапары барысында Кәрім Мәсімов агрохолдингтің ғылыми-өндірістік орталығы мен сүт кешенін аралады, сондай-ақ «Етті мал басы» көрмесін қарап шықты. Жыл сайын «Байсерке Агро» ЖШС 1800 тонна сүт және 1250 тонна ет өнімдерін шығарады, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып, маңызды болып табылады.

Сондай-ақ, кәсіпорын дәнді дақылдарды өсірумен айналысады. Агрохолдинг активінде шамамен 3600 га егіс жерлері бар, оның 500 га-да жер асты тамшылап суару жүйесі қолданылады.  Премьер-Министрге түсімді бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік беретін суарудың озық жүйесі көрсетілді.

Ауыл шаруашылығы жерлерін аралау барысында Алматы әкімінің орынбасары Е.Аукенов Кәрім Мәсімовке Алматы маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту туралы айтып берді. Осылайша, 2016 жылы азық-түлік белдеуі бағдарламасы аясында құны 56,2 млрд теңге болатын 54 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Кәрім Мәсімов Қазақстанда АӨК өсудің маңызды әлеуетіне ие, бірақ саланы одан әрі дамыту үшін қазақстандық шаруалар ғылыммен тығыз байланыс орнату қажет екенін айтып өтті.

«Байсерке-Агро» базасында ғылыми кластер құрылғанын айта кеткен жөн. Агрохолдинг Қазақ өсімдікті қорғау және карантині ҒЗИ, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ҒЗИ ғалымдарымен белсенді ынтымақтастық жүргізеді.

Соңында Премьер-Министр асыл тұқымды жылқы өсіретін жылқы зауытын аралады.

Анықтама үшін:

2008 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматының айналасында азық-түлік белдеуін құру бойынша бағдарлама жасауды тапсырды. Алматы облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің алдында еліміздің ең ірі қаласының тұрғындарын сапалы және балғын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету міндеті қойылды.

«Оған Жамбыл облысын, Оңтүстік Қазақстан облысын қосу қажет. Олар үшін бұл нарық, ал қала үшін – азық-түлік тауарларымен молықтыру, және бұл аса маңызды азық-түліктерге бағалардың көтерілуіне жол бермейді», - деп атап өткен еді ҚР Президенті.