ҚР Премьер-Министрі ШҚО-дағы тәжірибелі майлы дақылдар шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісімен танысты

16 тамыз 2016, 23:41
Шығыс Қазақстан облысы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Кәрім Мәсімов АӨК нысандарының дамуымен танысты.

«Агробизнес-2020» Мемлекеттік бағдарламасында егіс алқаптарын әртараптандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Өсімдік шаруашылығында түрлі бағыттарды дамыту өңдеу өнімдерінің түр-түрін кеңейтуді қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің экожүйесін қалпына келтіреді. Бұдан өзге, өсімдік шаруашылығы негізінде мал шаруашылығын дамыту тұйық циклдің қалдықсыз өндіріс үлгісін құрады.

Шығыс Қазақстан облысында АӨК-дегі заманауи шаруашылықтың осындай үлгісінің мысалы «Астана-Бизнес» агрохолдингінің құрамына енетін «Тәжірибелі майлы дақылдар шаруашылығы» ЖШС болып табылады.

Мұнда дәнді және майлы дақылдар өсіріліп, сүт және ет өндіріледі, сондай-ақ отандық шаруаларды жоғары сапалы тұқымдармен қамтамасыз етеді. 

Бұдан өзге, шаруашылық тритикале (күздік бидай-қарабидай гибриді) және күздік рапс сияқты жаңа дақылдар өсіреді. Гибридтік қарабидайдың өнімділігі шаруашылық алқаптарында 60 ц/га және одан жоғары – өңірде бұрын-соңды болмаған нәтиже. Сондай-ақ, мұнда ірі қара малдың тұқымын жақсарту бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады. 

Тәжірибелік-селекциялық алқапты аралау барысында «Астана-Бизнес» ЖШС директоры Ф. Әбітаев Премьер-Министрге кәсіпорын қызметінің нәтижелерін таныстырды.

Тәжірибелік шаруашылық ғылымы бөлімінің жетекшісі Сергей Шербань күнбағыс және майлы дақылдардың басқа да сұрыптарының селекциясы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты.

600 мал бас ірі қара бар сүт-тауарлы фермада К.Мәсімовке сиырларды машиналы сауудың заманауи кешені қалай жұмыс істейтіндігі көрсетілді.  

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ. Төлеубеков Премьер-Министрге облыстағы АӨК дамуы жайлы баяндады.

Сонымен, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша жалпы республикада 794 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері (оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері – 31,2 млрд теңгеге, мал шаруашылығы – 762 млрд теңгеге) өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,7%-ға артық.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің өсуі еттің барлық түрлерінің және сүт өндірісінің 3,4%-ға, жұмыртқаның – 1,5%-ға артуына негізделген.

Анықтама үшін:

«Агробизнес-2020» ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған және ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Бағдарламаның негізгі міндеттері АӨК қаржылай суықтыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің экономикалық қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін жақсарту болып табылады.

2016 жылы Қазақстанда барлық дақылдардың егіс алқаптары 21,7 млн га құрады, оның ішінде 15,2 млн га-ға астық дақылдары егілген (оның ішінде бидай – 12,2 млн га). Майлы дақылдар егістері 1,9 млн га аумақта орналастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктері арасында мал азығы, майлы, бұршақты және жемшөптік дақылдар алқаптарын кеңейтуді қарастыратын ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша меморандумдар жасалды.

Естеріңізге салсақ, Премьер-Министрдің СҚО-на жұмыс сапары барысында облыс әкімдіктеріне майлы және жемшөптік дақылдардың үлесін арттырумен егіс алқаптарын әртараптандыру, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеуді (астықты, майлы дақылдарды терең өңдеу) дамытуға инвестициялар тарту бойынша меморандумдарды орындау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.