2016 жылы ОҚО-да жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде 1000 шағын мал бордақылау алаңы қаржыландырылады – ҚР АШМ

06 тамыз 2016, 00:29
Оңтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облысында «Береке» бағдарламасымен жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде бір мың шағын мал бордақылау алаңын қаржыландыру жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 шілдедегі  «2016 жылғы 1 жартыжылдықта индустрияландырудың қорытындылары туралы» жиналыста айтылған халықты тиімді жұмыспен қамту және лайық табыс деңгейін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі халықты жұмыспен қамтуды және ауылшаруашылық өнім көлемін арттыру бойынша бірнеше шаралар қарастырды.

Сиыр етін өндіру үшін АШМ, ведомствода мәлімдегендей, жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде 5-20 ІҚМ басын бордақылайтын шағын мал бордақылау алаңдарын қаржыландыруды жоспарлауда. Бордақылаудан кейін бұқалар тиісті құралдармен жабдықталған мал сою бекеттеріне тапсырылады. Мал сою бекеттері бордақылаумен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтардан құрылған ауылшаруашылық кооперативтердің негізінде ұйымдастырылады.

2016 жылы бұл шараларды жүзеге асыруға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қаржысы бағытталады. Жыл басынан Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жылпы көлемі 9,2 млрд теңгеге 3,7 мың жобаны қаржыландырды. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 2,4 млрд теңгеге 913 қарыз алушы қаржыландырылған. Шағын несие ретінде берілген қаражаттың 70% мал шаруашылығын дамытуға жұмсалды.

ЖҚЖК 2020 қатысушыларын аталған бағытта қаржыландыру үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан «Береке» бағдарламасы әзірленді.

«Республика бойынша 2016 жылы 55 мыңға жуық мал басына арналған 7 мыңнан астам шағын мал бордақылау алаңы қаржыландырылады деп күтілуде. Бұл мақсатта 10,9 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында – 7,9 мың мал басына арналған 1000 отбасылық шағын алаң 3 млрд теңгеге», - делінген ведомство хабарламасында.

Анықтама үшін:

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қол жетімділігін арттыру.