«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» биыл 124 мың қазақстандықты қамтиды - ҚР Еңбек министрлігі

11 маусым 2013, 12:33

Ағымдағы жылы  «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» іс-шарасын жүзеге асыруға еліміздің 124 мың азаматын қамти отырып, 110,6 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

                    

«Жалпы алғанда Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 іс-шараларын жүзеге асыруға ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп қаржыландыруын есепке алғанда 110,6 млрд теңге бағытталады, еліміздің 124 мың азаматын қамту көзделген», - деді Т.Дүйсенова.

                   

Сонымен қатар, ол бағдарлама табыстардың тұрақты өсуіне, ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының жақсаруына, өзін өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған тұлғалардың санын азайтуға көмектесетінін атап өтті.

Аталған бағдарлама жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына сәйкес білікті кадрлар даярлауды қамтамасыз етеді, ол еліміздің азаматтары үшін  өмір сүруге қолайлы жағдай жасайды деп күтілуде.