Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Биыл Астана қаласында ЖҚЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде 60 әлеуметтік нысан жөнделеді

08 желтоқсан 2016, 16:30
Астана

2016 жылы республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 60 инфрақұрылымдық нысандарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

«Жөнделетін ғимараттардың 14-і - білім беру, 20 - мәдениет, 11 - денсаулық сақтау, 5 - көлік инфрақұрылымы, 3 - дене шынықтыру, 7 - әлеуметтік қорғау нысандары», - делінген ҚР ДСӘДМ хабарламасында.

Бүгінгі күні барлық жобалар іске асырылуда, 1 099 адам жұмысқа тұрды, олардың 571-і ЖҚЖК 2020 бағдарламасына қатысушылар.

Еске салсақ, 2016 жылы ЖҚЖК 2020 бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.