2016 жылы 7 мыңнан астам қазақстандық Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында тегін оқытылды

25 қаңтар 2017, 10:12

2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сай, 6 335 бағдарлама қатысушысы оқуын аяқтады, олардың 5 431-і еңбекпен қамтылды.

Өткен жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында тегін оқумен 7 240 адам қамтылды, оларға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.

Сонымен бірге, еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларымен 2 мыңға жуық адам қамтылды. Оның ішінде облысаралық қоныс аударуға 1 207 адам қатысты. Республиканың оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысына - 600 адам, Солтүстік Қазақстан облысына - 404, Қостанай облысына - 111, Шығыс Қазақстан облысына 92 адам көшірілді.

«Қоныс аударған азаматтардың 1 078 адамы еңбекке жарамды, бүгінгі таңда оның 436-сы жұмысқа орналасты», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы ЖҚЖК-2020 бағдарламасының үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында 6,8 млрд теңге бөлінген болатын. Аталған қаражаттың есебінен азаматтар жаңа кәсіп иесі атанып, сонымен қатар, біліктіліктерін арттырды, жаңа қоныс орнында жұмысқа орналасты.