Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Жылдың соңына дейін Қостанай облысында 250 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі - Н.Сәдуақасов

31 қазан 2014, 21:13
Қостанай облысы

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында Қостанай облысында ағымдағы жылдың соңына дейін 250 мың шаршы метрге дейін баспана пайдалануға беріледі, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов.

«Жыл соңына дейін жоспар артығымен орындалып, 246 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі», - деп мәлімдеді Н.Сәдуақасов. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері 171 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, бұл 2013 жылдың көрсеткішінен 14 пайызға артық.

Сонымен қатар Н.Сәдуақасовтың айтуынша, Қостанай облысындағы құрылыс саласы да жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Осы салада жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2011 жылы 84-тен 2014 жылы 145-ке жетті.

«2013 жылдың желтоқсан айында 450 мың тонналық қуаттылыққа ие шағын сұрыпты прокат өндірісі жобасы іске қосылды. Неміс технологиясы бойынша 70 мың шаршы метрлік тұрғын үй құрылысы комбинаты салынды. Рудныйда жылына 500 мың тонналық цемент зауыты құрылысы аяқталуға жақын», - деп мәлімдеді ол. 

Әкімдіктің мәліметінше, 2014 жылы «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын жүзеге асыруға 5 млрд теңге қарастырылған.