2012 жылдың соңына қарай ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылу көрсеткіші 40% асады

06 қараша 2012, 09:21

Қазақстанда ағымдағы жылдың  соңына қарай  ауылдық   жерлерде  орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылу көрсеткіші  43% құрайтын болады,  деп хабарлады   Құрылыс және  ТКШ істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен.


«Ақ бұлақ - 2020» бағдарламасының аясында  2012 жылдың  аяғына қарай ауылдық елді-мекендерде орталықтандырылған  сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімділік- 43%,  су бұру қызметтеріне қосылу - 10%  құрайды», - делінген Агенттік баспасөз қызметінің  хабарламасында

Ал қалаларда бұл көрсеткішті 90% дейін  арттыру жоспарлануда.  Оған қоса,   жылдың соңына дейін  қала тұрғындарын жеке есептеу құралдарымен қамту көрсеткіші 84% құрайтын болады.

Сондай-ақ,  2012 жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстарына  мұқтаж  жылу-,  электр- және газбен жабдықтау желілерінің  үлестерін 61%, 71%, 53% дейін төмендету жоспарлануда,

Жалпы алғанда, ағымдағы  жылы  еліміздің су шаруашылығы секторында  342 жоба іске асырылады, оның ішінде 104  жоба қалалық  сумен  жабдықтау және  су бұру желілерін дамытуға бағытталса, 238  жоба ауылдық   жерлердегі сумен жабдықтау  жүйесін дамытуға бағытталған.

Елбасының  тапсырмасы бойынша  қолға алынып отырған  «Ақ бұлақ-2020» бағдарламасын іске асыру барысында барлық ауылдық елді мекендердің 80 пайызында,  қалалық елді мекендердің  100 пайызында  орталықтандырылған сумен қамту жүйелеріне халықтың қолын жеткізу, барлық ауылдық елді мекендердің 20 пайызында, қалалық елді мекендердің  100 пайызында халықтың қолын орталықтанды­рыл­ған кәріз жүйесінің қызметіне жеткізу көзделіп отыр.