Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«ЖҚЖК – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысында 2014 жылы 7 млрд астам теңге бөлінді - әкімдік

07 қараша 2014, 18:56

Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» (ЖҚЖК-2020) бағдарламасы аясында 2014 жылы  7 млрд 281,4 млн теңге бөлінді, деп хабарлады өңір әкімдігінде.

«Қызылорда облысында 2014 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына 7 млрд 281,4 млн теңге бөлінді», - делінген хабарламада.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бірінші бағыты бойынша 2 млрд 42,8 млн теңге бөлініп, олардың 1 млрд 915,9 млн теңгесі немесе 79% игерілді, 511 жұмыс орны құрылды, оның ішінде бағдарлама қатысушылары үшін - 280 жұмыс орны жоспар бойынша 341. Инженерлік инфрақұрылымды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына - 38 жобаға 1 млрд 890,3 млн теңге, 434 жұмыс орындары, соның ішінде бағдарлама қатысушыларына -264 орын құрылды (246 жаңа жұмыс орындары - жоспар),19 жобада жұмыстар аяқталды, 1 млрд 385,5 млн.теңге игерілді 73 %. 7 ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына- 535,5 млн.теңге, қаралған, 530,5 млн.теңге (99,1%) игерілді, 77 жұмыс орындары құрылды (34 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда).

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» екінші бағыты - ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту бойынша 2 млрд 389,8 млн теңге бөлінген. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 40,2 млн. теңге (850 адам) қаралған, 22,5 млн.теңге игерілді (50,6%), 12,6 млн.тенге – үнемделген қаржы. Оқу курстарына 851 адам жолданып, 840- і сертификаттарын алды. Оның ішінде 283 –і шағын несие алды.

2014 жылы микронесиелендіруге 2 млрд 349,5 млн. теңге 1175 адам есебіне бөлінді. Жыл басынан 1002 адамға 2 млрд 339,6 млн теңге несие берілді. 1300 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 3 бағдарлама қатысушысына 7,2 млн теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді (жол жөндеу, күн бағыс батареясымен қуаттанатын подстанция, электр жүйесін жүргізу).

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге - 2 млрд 289,9 млн. теңге соның ішінде: 
кәсіптік даярлау (алдыңғы жылдардан оқыту) - 1 млрд 476,5 млн.т.,қаралып, игерілгені 1 млрд 287,7 млн.тенге; 3349 адам оқуын жалғастыруда; кәсіптік даярлау (жаңа жоспар) 276,0 млн. теңге, игерілгені 93,7 млн. теңге 1004 адам қыркүйек айында оқуға жолданды; Қайта даярлау курстарына 515 адам жолданды (жоспар -490 адам), оның ішінде 338 –і оқуын аяқтап, 183- і жұмысқа орналасты.

Жыл басынан 676 мекеме, кәсіпорындарға 2123 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып (жоспар -1262 адам) оларға 204,8 млн. теңге қаржы төленді немесе жылдық жоспардың 72 пайызы. Мерзімі аяқталған 319 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 768 мекеме, кәсіпорындарға 1803 адам жастар тәжірибесіне жолданып (жоспар -1261 адам), оларға 212,6 млн.теңге қаржы төленді немесе жылдық жоспардың 85 пайызы. Мерзімі аяқталған 227 бағдарлама қатысушысы тұрақты жұмыспен қамтылды.