Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов «Smart Astana 2014» конференциясының ашылуына қатысты

19 қараша 2014, 23:26
Астана

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жыл сайынғы «Smart Astana 2014» IV конференциясының ашылуына қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Кәрім Мәсімов экономикалық жаһандандыру және қалалану үдерісін екпінді күшейту нәтижесінде соңғы 30 жылда қалалардың қоғам өміріндегі рөлі айтарлықтай артқанын атап өтті.

«Қалалар жаңа білімдерді, технологияларды қалыптастыратын өсім нүктелері, ғылым, мәдениет, инновацияларды дамытуға арналған орта болып табылады, және сайып келгенде мемлекеттердің экономикалық өсімін ынталандырады», - деді Үкімет басшысы.

«Әлемнің дамыған 30 елінің біріне айналу үшін алға ұмтыла отырып, елордамыздың дамуына назар аудармау мүмкін емес, ол біздің мемлекеттілігіміздің нышаны болып табылады, және Қазақстанның барлық қалалары үшін үлгі болуы тиіс», - деп басып айтты К.Мәсімов.

Премьер-Министрдің пікірінше, қазір Астанада өз дамуында келесі қадам жасауға және Президент тапсырмасын – өмір сүру сапасын, капитал тарту, ақпараттық технологияларды дамыту бойынша әлемнің ең үздік қалаларының біріне айналуын орындауға бірегей мүмкіндік туып тұр.

Жыл сайын өткізілетін «Smart Astana» конференциясы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет көрсетулер сапасын арттырудың өзекті тақырыптарын талқылау, қаланың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инвестициялар тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін Астана қаласының имиджін жақсартуға арналған тұрақты жұмыс жасайтын алаң құруға бағытталған.

Ағымдағы жылы конференция «Смарт Астана» жобасының Жол картасын және Астананың әлемдегі 50 «ақылды» қала рейтингісіне енуі бойынша Іс-шаралар жоспарын бекітуге арналған.