Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қызылорда облысында «бос жұмыс орындары жәрмеңкелері» бойынша 3 мың жұмыссызға жұмыспен қамтуға көмек көрсетілді

07 қараша 2014, 19:03

2014 жылы Қызылорда облысында жұмыспен қамтудың белсенді формаларына (біліктілігі бойынша жұмыс таңдау, қайта даярлау) бағытталған 61 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлады өңір әкімдігінде.  

«Облыста 61 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 719 жұмыс беруші 2637 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 3,7 мыңнан астам жұмыс іздеушілер қатысып, оның 3016-ына жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді», -делінген хабарламада.

Сондай-ақ өңір әкімдігінде мәлімдегендей, 2014 жылдың бірінші тоқсанында облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 16 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 833 адамға жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

Есепті кезеңге жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 24376 адам хабарласты, соның ішінен 9788 адам жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде жұмыспен қамтылған мүгедектер саны - 399.