2016 жылдың басынан бастап Қазақстанға 15 мыңға жуық оралман келді - ҚР ДСӘДМ

05 тамыз 2016, 18:40

2016 жылғы 1 шілдедегі мәліметтерге сәйкес республикаға 6840 отбасы немесе 14 947 этникалық қазақ көшіп келіп, оралман мәртебесін алды. 

Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 66,7% - Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 23,6% - Қытайдан, 4,2% - Түрікменстаннан, 2,4% - Моңғолиядан және 3,1% - өзге елдерден оралған қандастарымыз.

Оралмандардың басым бөлігі Алматы облысына– 2364 отбасы (4729 адам), Оңтүстік Қазақстан облысына – 1572 отбасы (3044 адам), Маңғыстау облысына– 506 отбасы (2311 отбасы), Жамбыл облысына – 620 отбасы (1254 адам), Шығыс Қазақстан облысына – 369 отбасы (778 адам), Акмола облысына – 272 отбасы (571 адам), Қарағанды облысына – 221 отбасы (431 адам), Қостанай облысына– 154 отбасы (296 адам), Ақтөбе облысына– 51 отбасы (237 адам), Павлодар облысына– 90 отбасы (231 адам), Атырау облысына– 84 отбасы (145 адам), Солтүстік Қазақстан облысына – 45 отбасы (102 адам), Батыс Қазақстан облысына – 6 отбасы (26 адам), Қызылорда облысына – 15 отбасы (24 адам), Астана қаласына – 341 отбасы (549 адам), Алматы қаласына – 130 отбасы (219 адам) қоныстанды. 

Министрлікте нақтылағандай, елге оралған қандастарымыздың 64,2% - еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері - 29,7%, зейнеткерлер – 6,1% құрайды. Еңбекке жарамды оралмандардың 10,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 17,8%-ында орта арнаулы білім бар, 68,1% - жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 3,3%-нің білімі жоқ.