Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда пайыздық мөлшерлемелері төмен жалдамалы баспана салынады - Н.Назарбаев

11 қараша 2014, 19:25

Қазақстанда халықтың қорғалмаған топтарына есептелген пайыздық мөлшерлемелері төмен ипотекаға жалдамалы баспана салына бастайды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

«Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға беретін болады. Қазіргі кезде қолданыстағы жүйе қомақты қаржыны талап етеді. Бастапқы жарнаны төлеткізеді, содан кейін банктер кабальды пайыздарды бекітеді, яғни оның деңгейі 20 пайызға жетеді. Бұл бағдарламаны жас отбасылар үшін және баспанаға зәру азаматтарға жасап жатырмыз», - деді Н.Назарбаев.

Президент атап өткендей,  бұл мақсатта 2015-2016 жылдары жалдамалы баспана құрылысы аясында қосымша 180 млрд теңге бөлінеді. 

Мемлекет басшысының айтуынша, халыққа тұрғын үй ұсыну кезінде пайыздық мөлшерлемелер 1-2 % деңгейде болады. 

«Ипотекаға төмен пайыздар қазақстандықтар үшін баспананы елеулі қолжетімді етеді», - деді Н.Назарбаев.