Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қостанай облысында «ЖҚЖК 2020» жүзеге асыруға 2014 жылы 4,5 млрд теңге бөлінді - ҚР ДӘДМ

03 қараша 2014, 17:34

Қостанай облысында «ЖЖК 2020» бағдарламасын іске асыру үшін 2014 жылы 4,5 млрд теңге бөлінді – ҚР ДӘДМ
Қостанай облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру үшін 2014 жылы 4,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы іс-шараларды іске асыру үшін 2014 жылы Қостанай облысының республикалық бюджетінен 4,5 млрд теңге бөлінді», - деп хабарламада көрсетіледі.

Ведомствоның деректері бойынша, Қостанай облысында Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру аясында 102 жобаны іске асыру және 4 ауылдық дәрігерлік амбулаторийлерінің құрылысы қарастырылған. Осы мақсаттарға 2721,7 млн теңге бағытталатын болады. Мысалға, 2014 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 98 жобада жұмыстар басталып кетті.

Одан бөлек, бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2014 жылы Бағдарламаға қатысушыларға 900 млн теңге көлемінде шағын несиелеуді бөліп беру жоспарланып тұр. Оған қоса, 120 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 3,6 млн теңге, жетпейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 34 жобасын дамыту мен жайластыруға - 49,4 млн теңге көзделінген.

2014 жылдың 1-ші қарашасындағы жағдай бойынша, 907,4 млн теңге сомасына 457 шағын несие, соның ішінде 892,4 млн теңге сомасына 454 шағын несие берілді, 2014 жылы шағын несиелеуге бөлініп берілген қаражаттың ішінде 15 млн теңге сомасына 3 шағын несие қайтарылатын қаражаттары есебінен берілді. Несиенің орташа көлемі - 2 млн теңге. Кәсіпкерлік негіздері бойынша 120 адам оқудан өтті.

Бағдарламаның үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы 335,9 млн теңге, кәсіби даярлық үшін 929 адам қарастырылды, соның ішінде 150 адам – бұл жаңа әдіснама және сәйкесінше, ауыспалы контингент - 779 адам. Кадрларды қайта даярлауға 450 адам, біліктілігін жоғарылатуға - 75 адам жіберілді.

Ағымдағы жылы Қостанай облысында 696 адам кәсіби оқуға жіберілді, соның ішінде 513 адам оқуды бітірді, 462 адам, яғни барлық өтінім білдірушілердің 90 % жұмыcқа тұрды.

Одан бөлек, ағымдағы жылы 2011-2013 жылдарға арналған Бағдарламаның 494 қатысушысы оқуын аяқтады, соның ішінде 373 адам немесе 75,5% жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрған кезде еңбекақының субсидиялануына Бағдарламаның 550 қатысушысына 108 млн теңге бөлініп берілді, жылдың басынан бері 1219 адам жұмысқа орналасты, меңгерілгені - 91,5 млн теңге немесе кезең жоспарының 94,4 %.

Білім беру мекемелерінің 350 түлектері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 2014 жылы 69,7 млн теңге қарастырылды. Осылайша, жылдың басынан бері жастар тәжірибесіне 541 адам жіберілді, меңгерілгені - 61,4 млн теңге немесе кезең жоспарының 98,5%.

Бағдарламаны іске асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыс бастылықпен қамтамасыз ету;
2) жеке кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету; сүйеу ауылдарын кешенді дамыту көмегімен кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын дамыту;
3) жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында оқыту мен қоныстандыру арқылы жұмысқа тұруға әрекеттесу:
оқыту және жұмысқа тұруға әрекеттесу;
жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында еңбек ресурстарының жұмылдырылғыштығын жоғарылату.