Маңғыстау облысында ЖҚЖК-2020 шеңберінде 185 әлеуметтік нысанға жөндеу жүргізіледі

15 қараша 2016, 14:47
Маңғыстау облысы

2016 жылы республикалық бюджеттен Маңғыстау облысының 185 инфрақұрылым нысанын жөндеуге 2,1 млрд теңге бөлінді.

«Жөнделетін ғимараттардың 63 – абаттандыру нысаны, 57 – білім беру, 22 – көлік инфрақұрылымы, 19 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым, 16 – мәдениет, 4 – денсаулық сақтау, 3 – спорт, 1 – әлеуметтік қорғау нысаны болып табылады», - деп хабарлады ҚР ДСӘДМ-де.

Бүгінгі күні 184 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 946 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 686 адам – ЖҚЖК-2020 бағдарламасына қатысушылар.

Еске сала кетейік, 2016 жылы ЖҚЖК-2020 бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.