Қазақстанда жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 20 мың азамат оқытылады

10 тамыз 2016, 18:24

«Еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының аясында жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған 20 мың қазақстандық еңбек нарығының сұранысына сай оқытылатын болады. 

ҚР ДСӘДМ мәліметінше, қосымша 12,7 мың кәсіпорын қызметкерлері кәсіби машықтарын дамыту мен еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін арттыру мақсатында білім алады.

Қазақстандықтарды қажетті машықтар мен біліктілікке үйрету үшін біліктілік талаптарына сай келетін отандық және шетелдік компаниялардың 400-ге жуық білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдарды шақыру жоспарланып отыр.

Аталған жоба 2014 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі мен Бүкіләлемдік Банк Тобы арасындағы серіктестік туралы Негіздемелік келісімді жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп отыр. Ол кәсіби стандарттарды, кәсіби-техникалық және жоғарғы білімді, біліктілікті сертификациялау мен бағалау, сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын дамыту мен оқуға мұқтаж кәсіпорын қызметкерлерін, өнімсіз жұмыспен қамтылған азаматтарды, жұмыссыздарды оқыуды қарастырады.

Біліктіліктің ұлттық жүйесінің аясында еңбек нарығының сұранысына сай 550 жаңа кәсіби стандарттар мен 340 білім беру бағдарламалары жасалатын болады.

Сонымен бірге, біліктілікті бағалау мен тағайындаудың тәуелсіз жүйесі бойынша жол картасын жасау, сертификациялаудың кәсіби органдарын құру қарастырылып отыр. Еңбек нарығын ақпараттандыруды жетілдіру, оған ауыл және аудан әкімдіктерінің қолжетімділігін арттыру да жоспарланып отыр.

Анықтама үшін:

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын 2016-2020 жж. жүзеге асырады.