ЖҚЖК-2020: Биыл Атырау облысында 35 әлеуметтік нысан жөнделеді

03 тамыз 2016, 18:12
Атырау облысы

2016 жылы Атырау облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді.

Осы қаражат есебінен 35 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда, оның 29-да күрделі жөндеу, 6-да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөнделетін ғимараттардың 31 – білім беру, 1 – әлеуметтік қорғау, 3 - мәдениет нысаны болып табылады.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 613 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 316 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 30 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 364 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 204 адам ЖҚЖК-2020 бағдарламасына қатысушылар.

ҚР ДСӘДМ-де мәлімдегендей, 2015 жылы ЖҚЖК-2020 бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд теңге бөлінген, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2016 жылы ЖҚЖК-2020 бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.