Кәрім Мәсімов Ақтау қалалық жастар орталығының қызметімен танысты

10 тамыз 2016, 01:01
Маңғыстау облысы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Атырау қалалық жастар орталығына барды.

Орталық жастарды жұмыспен қамту, білім беру, кәсіби дайындық, психологиялық қолдау көрсету және жасөспірімдердің аула клубтарын дамыту саласындағы өз құқықтары туралы ақпараттандырады.

Сонымен қатар, К. Мәсімов Co-working орталығында болды. Премьер-Министрге «Жаңа серпін» аймақтық бағдарламасы және «Bastau бизнес», «Bastau кәсіп» әлеуметтік жобалары таныстырылды.

Жұмыссыз жастарға арналған «Жаңа серпін» оқу бағдарламасы жастарды экономикалық дамыған аймақтарға көшіруді және жұмысқа орналастыруды көздейді. Бағдарлама аймақта инновациялық жобаларды іске асыру үшін жастар арасынан мамандарды даярлауға арналған.

«Bastau бизнес» жобасы ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқуға, ал «Bastau кәсіп» жұмысқа орналасуда заманауи мүмкіндіктер береді, ол үшін арнайы қосымшаны жүктеп алып, жұмыс беруші немесе жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет.

Анықтама үшін:

Қазақстан халқының 24,1% немесе 4 млн 206 мың адамын 14-29 жас аралығындағы жастар құрайды. Жастардың экономикалық белсенді бөлігі 2 420 адамды құрайды, олар ел экономикасында қамтылған.

Үкімет жас мамандарға «Жастар тәжірибесі», «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға», «Серпін–2050», сондай-ақ «Жасыл ел» бағдарламалары арқылы жұмысқа орналасуға септеседі.

Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының құрамына 78,4 мың адам енген, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар саны 36,2 мың (46,2%), бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 мың адамға көп (2015 жыл – 23,2 мың (41,8%).

Жыл басынан бері әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар іс-тәжірибесіне 13,2 мыңнан астам жас бағытталған (2015 жылы – 7 мың).