Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі осы жылдың соңына дейін қылмыстың алдын алу үшін кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды

05 қазан 2016, 12:55

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрлігіне осы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы үш жылға арналған қылмыстың алдын алудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«ҚР Ішкі істер министрлігіне барлық мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесе отырып, осы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы үш жылға арналған қылмыстың алдын алу үшін кешенді жоспар жобасын әзірлеуді және белгіленген тәртіппен Үкіметтің қарауына ұсынуды тапсырамын», – деді Б. Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрі осы бағытта жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

«Біз халықтың нақты қолдауымен жұмысты тексеріп, жүйелеуіміз қажет», – деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министр әкімдерге Ұлт жоспарына сәйкес жергілікті полиция қызметін нығайтуды тапсырды.

«Жаппай бейнебақылау камераларын орнатып, «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз аула», «Қауіпсіз мектеп» қағидаты бойынша интеллектуалдық жүйесін енгізу қажет. Сондай-ақ, осы мәселе бойынша жауапты тұлғалардың есебін тыңдаймыз», – деді Премьер-Министр.

1/2
2/2