Арыста 1620 үй қалпына келтірілді

20 шілдедегі жағдай бойынша, Арыс қаласында 1620 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда құрылысшылар жеке тұрғын үй құрылысы  және көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 4798 нысанда жұмыс жүргізуде. 

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, Арыс қаласының тұрғын үй қорын қалпына келтіруге 7136 құрылысшы тартылған.  Олардың саны күн сайын артып келеді (бір күні бұрын 7037). Қала 17 секторға бөлінген, онда 213 құрылыс компаниясы және 213 арнайы техника жұмыс істейді.

Тағы да 1914 құрылысшы әлеуметтік нысанды қалпына келтіруде.

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Еске салайық, Арыс қаласында болған жарылыстан 66 әлеуметтіе нысан зардап шекті (52 білім беру нысаны, 8 – денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны және Даңқ аллеясы). Төрт нысан қайта салынып, белгіленген мерзімде тапсырылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу