Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

АӨК саласында 4,4 трлн теңгеге 113 инвестициялық жоба пысықталу және іске асырылу сатысында — ҚР АШМ

Сейсенбі, 03 Желтоқсан 2019, 12:19:14

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың жаңа тәсілдері туралы айтып берді. 

 С. Омаров атап өткендей, қазіргі уақытта секторда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын тежеп тұрған бірқатар проблема бар. Әр проблеманың өз шешімі бар. Осыған байланысты агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау тәсілдемелері, азық-түлік тауарларын әкелу кезіндегі инфляция импорты мәселелерін ескерумен қайта қаралды. 

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі “Нұр Отан” партиясының ішкі нарықты отандық өнімдермен молықтыру жөніндегі сайлауалды платформасын ескере отырып, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер дайындады. 

 «Қазір біздегі әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне 19 тауар енген, олардың ішінде тек 6 тауар бойынша ғана импортқа тәуелдіміз. Жалпы, импорт алмастыру міндеті орта мерзімді перспективада 2024 жылға дейін іске асырыла алады», — деді министр.

Сонымен қатар ол аталған 6 тауар импортын алмастыру бойынша нақты іс-шаралар жоспары бар екенін атады. Импорт алмастыру жөніндегі бұл шаралардың іске асырылуы 2024 жылға қарай сектордың негізгі капиталына шамамен 770 млрд теңге инвестиция тарта отырып, ішкі нарықты 80 және 100%-ға дейін отандық өнімдермен молықтыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тиімсіз субсидиялардан бас тартып, нәтижеге бағдарланған субсидияларға көшу арқылы қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруді ұсынады.

Көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың арқасында саланың инвестициялық тартымдылығы өсуде, бұл бізге негізгі капиталға инвестиция тарту жөніндегі нысаналы индикаторларды орындауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жалпы сомасы 4,4 трлн теңгеге 113 инвестициялық жоба пысықтау және іске асыру сатысында тұр.

Мемлекеттік қолдаудың жоспарланған критерийлері

Бірінші. Өсімдік шаруашылығында түсімділіктің артуына көптеген факторлар баршасы жиналып та, жеке-жеке де әсер етеді. Осыған сүйене отырып, АШМ тұқым, тыңайтқыш пен өсімдіктерді қорғау құралдары құнының бір бөлігін арзандатуға бағытталған базалық субсидияларды қалдырады.

Мысалы, егер, шаруашылық тыңайтқыш қолданса, сапалы тұқым сатып алса, уақтылы химиялық өңдеу жүргізсе, түсімділік ең кем дегенде гектарына 7-8 центнерден жоғары болады.

Екінші. 2017 жылдан бастап  өсімдік шаруашылығындағы тауарлық-спецификалық субсидиялар азайтыла бастады.

«Біз алдымен дәнді дақылдарды, сосын майлы және көкөніс-бақша дақылдарын субсидиялаудан бас тарттық. Енді ірі қара мал етіне, жұмыртқаға, қымыз бен шұбатқа, күрішке, мақтаға арналған субсидияларды алып тастауды жоспарлап отырмыз. Өйткені бұл тауарлар бойынша еліміздің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі тұрақты», — деді С. Омаров.

Бұл ретте босатылған қаражат салада қалады. Яғни, олар азаймайды және ешқайда кетпейді, асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу, сондай-ақ импортқа тәуелді позициялар - сүт, құс еті, қант қызылшасы сияқты басым бағыттар бойынша ғана субсидиялауға қайта бөлінеді.

Өнім бірлігіне арналған субсидиялар өнім өндірісін арттыруға экономикалық тұрғыдан тиімді ынталандырады, бұл ретте өнеркәсіптік және технологиялық өндірісті қолдауға басымдық берілуі тиіс. Алайда, мемлекеттік қолдаудың бұл түрі ішкі нарықты молықтырғанға дейін уақытша сипатта болуы тиіс.

Үшінші. Инвестициялық субсидиялар машина-трактор паркін жаңартуға ынталандыратын болады, импорт алмастыру мен экспорттық әлеуетті іске асыру мәселелерін қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңаларын құруға ықпал ететін болады.

Яғни, қазір 39 инвестициялық паспорт бар, олар бойынша салынған инвестициялардың бір бөлігі ішінара өтеледі.

Субсидияланатын бағыттар қайта қаралып, тиімсіз паспорттар оңтайландырылды. Мысалы, жайылымдарды суландыруға арналған құдықтар бойынша субсидиялар нормативі 80%-дан 25%-ға дейін төмендетіледі.Элеваторлар бойынша паспорт алып тасталады, өйткені сақтау қуаттылықтары жеткілікті. Бұдан басқа, жұмыртқалы құс фабрикасы бойынша паспорт алып тасталды.

Осылайша, инвестициялық паспорттарды оңтайландыру есебінен шамамен 20 млрд теңге ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңарту, тауарлық сүт фермалары, етті бағыттағы құс фабрикалары, бақтар, жылыжайлар, жемістер мен көкөністерді және т.б. сақтау инфрақұрылымы сияқты басым бағыттарға қайта бөлінетін болады.

«Бұл ретте, біз жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға, яғни, өз өндірісін кеңейте алатын базистік кәсіпорындарға сүйенеміз, оларда тәжірибе, азық базасы бойынша әлеует, жолға қойылған өткізу арналары бар. Сондай-ақ, өңірлердің мамандануына сәйкес кәсіпорындар пайдалануға берілетін болады», — деді министр. 

Сонымен қатар ол «өндіріс – өңдеу – өткізу» тізбегін құру керектігіне назар аудартты. Ол үшін ірімшік өнімдері, құс еті, шұжық өнімдері және т.б. өнімдер нарығындағы өнімдердің бұрмалануы мәселесін шешу қажет. Яғни, отандық өнімді өндіру үшін ғана емес, сонымен қатар өткізу үшін де жағдай туғызу керек.

Отырыс барысында агробизнес өкілдері тыңдалды.  Мәселен,  АӨК одан әрі дамыту туралы ой-пікірін «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры, «Атамекен» ҰКП бейінді комитетінің басшысы Иван Сауэр білдірді. Оның айтуынша, АӨК мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдері өз тиімділігін көрсетеді. 

«Бұл жолы қандай жаңалықтар бар? Біз қазақстандық тәжірибені негізге алып, мүмкін болғанның бәрін зерттедік. Мұның барлығы іс жүзінде, нақты мекенжайлары бар. Өсімдік шаруашылығында базалық субсидияларды сақтау мүмкін болды. Өйткені, бұл АӨК-ті тартатын негізгі локомотив. Оны әрі қарай да қолдауды жалғастыру қажет. Мал шаруашылығын субсидиялау бойынша тәсілдер жақсы пысықталды, импорт алмастыру бойынша барлық тәжірибе тұжырымдалды. Жалпы, біз жаңа тәсілдерді қолдаймыз және Ауыл шаруашылығы министрлігі ауқымды жұмыстар жүргізді деп санаймыз», — деді И. Сауэр. 

Өсімдік шаруашылығы бойынша «Олжа-Агро» ЖШС басшысы Айдарбек Ходжаназаров сөйледі. Ол ауыл шаруашылығын сусбидиялаудың ұсынылған өнімдері - Үкімет пен бизнестің пікір алмасуы, ойласуы,брейнстормингі нәтижесінде пайда болған ортақ өнім екенін айтты.

«Соңғы бірнеше жылда алғаш рет көптеген ескертулер ескерілді. Ең бастысы - бұл субсидиялар өнімділікті арттыру бойынша айқындалды. Біз үшін тыңайтқыштарды, қазіргі тұқымдарды субсидиялауға қолдау білдірілгені маңызды. Өйткені, бұрынғы ережелер, керісінше, шығымы аз тұқымдарды алуға мәжбүрлейтін», — деді А. Ходжаназаров.

«Тайынша Астық» ЖШС басшысы Анатолий Рафальский ұсынылған тәсілдер бойынша өз пікірін жеткізе отырып, Қазақстанның барлық аграршылары соңғы жылдары мемлекет тарапынан зор қолдауға ие болып отырғанын атап өтті. Әсіресе, соңғы жылдары Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына көңіл бөлінді. 

«Қазақстанда мал басы аз, бізде сүтті бағытта да, етті бағытта да мал аз. Менің ойымша, бүгінгі біздің негізгі міндетіміз - ірі қара мал басын тез әрі тиімді арттыру. Бұл міндет шешіле алады. Оны жақын және алыс шетелдерден жақсы асыл тұқымды мал басын сатып алу арқылы шешуге болады», — деді А. Рафальский


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.