Арыс қаласында 1360 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

17 шілдедегі жағдай бойынша, Арыс қаласында 1360 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жұмыстар әлі жеке тұрғын үй құрылысы  және көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 4664 нысанда жүргізілуде. 
 
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, Арыс қаласының тұрғын үй қорын қалпына келтіруге 213 компания тартылған. Қала 17 секторға бөлінген, онда 6 542 құрылысшы және 252 арнайы техника жұмыс істейді. Жұмыс күндіз де және түнде де жүргізілуде. Тағы да 1840 құрылысшы әлеуметтік нысанды қалпына келтіруде.

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу