Астанада несие бойынша пайыз мөлшерлемесін субсидиялауға шамамен 350 бизнес жоба мақұлданды

Астанада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыра бастағаннан бері несиелер бойынша пайыз мөлшерлемесін субсидиялауға 70 337,95 млн. теңге сомасына 395 жоба мақұлданды, деп Астана қ. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасай отырып, астана әкімшілігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Айталық, ведомство деректері бойынша, 2010 жылдан бастап жалпы несие желісінің сомасы 67 744,2 млн. теңгені құрайтын пайыз мөлшерлемесін субсидиялау үшін 344 жоба мақұлданды. Сондай-ақ, несиелерді кепілдеу бағдарламасына несие желісінің сомасы 2 414,8 млн. теңгені құрайтын 51 жоба қатысады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша өндірістік инфрақұрылымына сомасы 2533,85 млн. теңгені құрайтын 31 жоба қатысады. Осы қаражаттар республикалық бюджеттің есебінен бөлінді. Инфрақұрылымдық жобалары электрмен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, сумен қамтамасыз ету, ЖСҚ әзірлеу, мемлекеттік сараптама және т.б. салаларында іске қосылған.
Гранттық қаржыландыру шеңберінде 59,9 млн. теңге сомасына 20 жоба мақұлданды. Бағдарламада «Кәсіпкерлік әлеуетті нығайту» бағыты да бар, оның шеңберінде 2 600-дан астам адам оқудан өтті, сондай-ақ, 10 мыңнан астам сервистік қызметтері көрсетілді.

Жалпы, Астанада шағын және орта бизнес объектілерінің саны жылдан-жылға артып келеді. Мысалға, Астана қ. Статистика департаментінің деректері бойынша, өткен айда Астанада 633 кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің қызметтерін бастады. Тіркелген бизнес субъектілерінің негізгі саны «Алматы» ауданында - 56,4%, «Сарыарқа» ауданында - 25,4%, «Есіл» ауданында - 18,2% шоғырланған.

Еске сала кететін болсақ, кәсіпкерлердің одан да көп санын тарту үшін ағымдағы жылда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бизнеске қаржылай және кеңес беру арқылы қолдау көрсету құралдарымен толықтырылып, кеңейтілді.

«Сөзсіз түрде, Үкіметтің бүгінгі күндегі басты міндеті – ауқымды бизнесті дамыту. Сол себептен, бағдарлама жаңа құралдармен күшейтілетін болады, олардың қатарында, айналым қаражаттарына берілетін несиелерді субсидиялау, шағын несиелендіру және жаңа өндірістерді құруға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін қайтару. Негізгі екпін жаңадан бастаған, соның ішінде – ауылдардағы, моно - және шағын қалалардағы кәсіпкерлерге жасалатын болады», - деп ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев атап өткен болатын.

Осы жылы субсидиялау бойынша жоба санын 1,5 есеге және БЖК аясында қарыздарды кепілдеу бойынша – 2 есе ұлғайту жоспарланған болатын.

«Бизнестің мемлекеттің қолдауымен аяғына тұруының мысалдары жетерлі-ақ. Мұндағы біздің міндет – осындай түрдегі жүз емес, мыңдаған мысалдың болуы. Халықты одан да ауқымды тарту үшін бастап келе жатқан кәсіпкерлерді Оңтүстік Корея мысалында оқыту үшін бейне роликтерін жасау бойынша іс-шаралары қабылданды», - деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылар саны үнемі артуда. Өткен жылмен салыстырғанда, олардың саны 2 есеге дерлік ұлғайды және қазірде 78 мың субъектіні құрайды.

Мысалға, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша төленген субсидия көлемі 80 млрд-тан астатын 1 трлн теңге сомаға қосымша 4 464 жобасы субсидияланды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу