Қазақстанда 4 вакцина қолжетімді болады — ҚР ДСМ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналаудың қазіргі жағдайы мен барысы туралы баяндады.

Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 171 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 392 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3,5 млн астам адам қайтыс болды. Өлім-жітім көрсеткіші – 2,1%.

Әлемдік рейтингке сәйкес  Қазақстан 221 елдің ішінде сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 104 орында, ал өлім көрсеткіші бойынша соңғы төрт аптада Қазақстанның позициясы 5 бірлікке жақсарды – 107-ші орыннан 112-ші орынға ауысты.

Министр хабарлағандай, Қазақстанда 1 маусымға CОVID-19-дың оң нәтижесімен 387 672 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 55 263  жағдай тіркелді.

«Қазақстан Республикасы сары аймақта тұр. Қызыл аймақта 3 өңір бар, олар: Нұр-Сұлтан, Ақмола және Қарағанды облыстары. Сары аймақта 6 өңір бар, олар: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған 8 өңір жасыл аймақта тұр», — деді А. Цой. 

Жалпы республикада коронавирус инфекциясын жұқтырудың төмендеуі жалғасуда. Соңғы аптада  КВИ жағдайларының саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін немесе өткен екі аптамен салыстырғанда 21%-ға төмендеді.

Соңғы айда сырқаттанушылық 1,6 есеге төмендеді. Өңірлер бөлінісінде төсек-орындармен қамтылуға жүргізілген күн сайынғы мониторингке сәйкес ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындармен қамту – 28% (9 984 төсек-орын), реанимациялық төсек-орындармен қамту 24% (777 төсек-орын) құрайды.

«Инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың бос болмауының оң динамикасын айтап өткім келеді, сәуір айымен салыстырғанда, мамыр айында  инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 1,5 және 1,2 есеге төмендеді. Инфекциялық төсек-орындардың бос болмауының төмендеуі Алматы қаласында 2,3 есеге, Алматы облысында 1,9 есеге, Ақтөбе облысында 1,8 есеге, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарда 1,6 есеге төмендеді», — деді А. Цой.

Соңғы 2 аптада ем қабылдап жатқан науқастар санының 12 мыңға азайғаны байқалады. Халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасуда.

«Бүгінгі күні вакцинаның 3,2 млн дозасы пайдаланылды, оның 1-компоненті бойынша 2 131 519 адам егілді, бұл тиісті халықтың 21%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 074 954 адам қамтылды. Бүгінгі күні егу пунктерінде вакцинаның саны жеткілікті, бірінші компоненттің 330 мың доза, екінші компоненттің 811 мың доза вакцина бар. Маусым айында КВИ вакцинасының 2 млн-ға жуық қосарлы дозасы жеткізіледі деп күтілуде, бүгін «CoronaVac» вакцинасының 500 мың дозасы алынды. Осылайша Қазақстанда 4 вакцина қолжетімді болады», — деді ол.

«Ashyq» жобасын масштабтау бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатыр. Жобаның қатысушыларының саны 8 мыңнан асты және соңғы екі аптада 2 мыңға өсті. Пайдаланушылардың саны 2 аптада 1,4 млн-нан 2 млн-ға дейін өсті.

Сонымен қатар, «Ashyq» енгізілгеннен бастап  ПТР тестінің оң нәтижесі бар 3 556 науқас және ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 3 012 адам анықталды.  

«Бұл статистика, өкінішке орай, кейбір азаматтар үйде оқшаулану режимін сақтамайтынын, халық көп жиналатын объектілерге баратынын, осылайша басқа келушілер мен ұшақ жолаушылар үшін ауру жұқтыру қаупін тудыратынын көрсетіп отыр. Жобаны енгізгеннен оң нәтижесін ескере отырып, «Атамекен» ҰКП-мен бірігіп жобаның көшбасшыларды мадақтау критерийлері әзірленді», — деді министр. 

Жобаның көшбасшылары қызмет түріне байланысты объектіде екі апта бойы  тіркелу саны бойынша  анықталады.

Бұл тәсіл астананың және республикалық маңызы бар қалалардың ерекшелігін ескереді.

«Ashyq» жобасының көшбасшысы мәртебесін алған қатысушылар  жұмыс уақыты және шарты бойынша қосымша жеңілдіктер алады.

Сонымен қатар «Ashyq» жобасына туристік сала объектілерін, оқыту орталықтарын, балаларды сауықтыру ұйымдарын қосу мәселесі қарастырылуда.

«Бүгінгі күні республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы, өңірлердің біртіндеп қызыл аймақтан шығуы байқалып жатыр, болжам бойынша сырқаттану шынайы сценарий бойынша көрініс беруде», — деп түйіндеді А. Цой.

   

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу