Қазақстанда 200 мыңнан астам өрт қауіпсіздігін бұзу фактісі анықталды — ҚР ТЖМ 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Елдегі қазіргі жағдай туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин баяндады.

Министрдің айтуынша, елдегі орын алатын төтенше жағдайлардың 92%-ын өрттер құрайды. Жылу беру кезеңінде жағдай ушығып кетеді. Пандемияны ескере отырып, биыл жылу беру маусымы әдеттегіден ерте басталды.

«Қыркүйектен бастап тұрғын үй секторында 1 300-ден астам өрт орын алды. Өрт санының өсуі Шымкент қаласында, Алматыда, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды. Қаза болғандар саны Жамбыл облысында 4 жағдай, Алматы қаласында – 3 және Павлодар облысында – 2 жағдай. Жарақат алғандар Қостанай облысында 6, Нұр-Сұлтан қаласында 4,5 рет және Қарағанды облысында 2,2 рет», — деді ведомство басшысы.

Топтасқан қаза болу жағдайлары бар: Жамбыл облысында тұрғын үйде орын алған өрт кезінде екі бала, СҚО – 2 адамнан, және екі жағдайда ШҚО – 2 адамнан тіркелген.

Өрттің өсу себептері өрт қауіпсіздігінің бұзылуы салдарынан, атап айтқанда тұрмыстық құрылғылар мен пештерді пайдалану кезінде, сондай-ақ отты абайсыз пайдалану салдарынан орын алып отыр.

«Былтырғы тәжірибенің негізінде тұрғын үй секторында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Жылу беру маусымы басталғанға дейін аралап шыққан халық арасындағы әлеуметтік-осал топтардың 118 мыңнан астам тұрғын үйі есепке алынды. Өңірлік әкімдіктермен, ішкі істер органдарының, әлеуметтік қамту, білім беру және денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп 87 мыңнан астам үйге немесе 74% аралап тексерулер жүргізілді. Оның ішінде 9%-ға жуығы – бұл дегенің 10 мыңнан астам үй өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұза отырып пайдаланылуда, олар ЖАО-ның бақылауына алынды», — деп нақтылады Ю. Ильин.

Сонымен қатар автономды жылыту жүйесі бар 550 мыңнан астам үй де аралап тексерумен қамтылды, оның 140 мыңнан астам үйден екі жүз мыңнан астам өрт қауіпсіздігінің бұзушылығы анықталды.

Министр атап өткендей, әкімшіліктердің қаражаты мен демеушілік көмектердің есебінен қауіпті газ концентраты мен жану өнімін анықтайтын 12 мыңнан астам датчик орнатылды, осы жылдың соңына дейін тағы 11 мыңнан астам датчик орнату жоспарда бар.

Сондай-ақ 12%-дан астам өрт пештерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтардың салдарынан орын алады. Негізінен олар салынып немесе орнатылып жатқан кезде-ақ бұзушылықтарға жол беріледі, сонымен қатар тиісті білікті мамандар жоқтың қасы, ал түтін және желдеткіш каналдарын тазалайтын немесе оларға жөндеу жұмыстарын жүргізіп қызмет көрсететін ұйымдар аккредиттеуге жатпайды.

Жыл сайын табиғи және сұйылтылған газбен улану салдарынан 20-дан астам адам қаза болады, газ баллон құрылғыларының жарылуы салдарынан топтасқан адам өлімі мен жарақаттану оқиғалары орын алады.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға сәйкес тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау ЖАО-ға жүктелген.

Бұл ретте тек Алматы, Нұр-сСұлтан қалаларының, Қостанай және Ақмола облыстарының жергілікті билік орындарымен газ-техникалық инспекциялары құрылды, қалған өңірлерде функция ТКШ бөлімшелеріне жүктелген. Алайда, бұл жұмыс олармен жүргізілмейді.

«Жылыту маусымына дайындықты есепке ала отырып, 417 жылу-энергиямен қамтамасыз ету және 4 322 білім беру объектілеріне тексеру жүргізілді. Оның ішінде 47 ЖЭО және 565 оқу орны бұзушылықтармен пайдаланылады. Пандемияға байланысты денсаулық сақтау объектілері ерекше бақылауға алынды, 1 409 объекті есепте тұр. 2017 жылдан бастап әлеуметтік объектілерден автономды жылыту қондырғыларын шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. 387 объекті бойынша әкімдіктердің шешімі талап етіледі», — деді Ю. Ильин. 

Бұдан басқа халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жалпы сипаттағы жүйелі проблемалар бар.

Біріншісі, өрт сөндіру бөлімдерінің елді мекендерден қашықтығы.

Министрдің айтуынша, қысқы кезеңде жеке тұрғын үйде өрттердің шығу қауіп-қатері артады, ауа-райы жағдайлары (көктайғақ, қар құрсаулары, борандар және т. б.) күрделенеді, бұл өрт сөндіру қызметінің келу уақытына әсер етеді.

«Өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, біздің бөлімшелеріміз жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру арқылы мәселені шешуге тырысып жатырмыз. Үш жыл ішінде 153 пост құрылды. Бүгінгі таңда ел бойынша олардың саны 396, бұл жалпы халық саны бір миллионнан асатын 1 200-ге жуық ауылдар мен кенттердің қорғалуын қамтамасыз етеді. Соңғы үш жылдағы жоспарлы көрсеткіштер 60%-дан аспайды», — деп түсіндірді Ю. Ильин.

Екіншісі, өртке қарсы сумен жабдықтаудың қанағаттанарлықсыз жағдайы.

«Өртті сөндірудің сәттілігі су көздерінің болуына байланысты. Республика бойынша 15 мыңнан астам өрт гидранттары жарамсыз күйде тұр. Биыл әкімдіктер екі мыңнан астам жөндеу жұмыстарын жүргізді. Алайда жыл сайын сумен жабдықтау жүйелерінің тозуына байланысты шамамен бір мыңы есептен шығарылады», — деді ведомство басшысы.

 Үшіншісі, құрылыс барысында объектілер арасындағы белгіленген алшақтықтар сақталмайды, өрт техникасының өтуі үшін кіреберістер ескерілмейді, бұл үлкен алаңдарда өрттің пайда болу қауіп-қатеріне әкеп соғады және халықтың шағымдарын тудырады.

«Мысалы Тараз қаласының тұрғыны 2 жыл бойы оның үйі мен сауда кешені арасындағы өртке қарсы қашықтықты бұзу фактісі бойынша бізге бірнеше рет жүгінген болатын. Осы жылдың өткен кезеңінде ғана осындай 100-ге жуық өтініш келіп түсті. Көбінесе құрылыс кезінде жобалардан ауытқуларға жол беріледі, нәтижесінде объектілер жойылмайтын бұзушылықтармен пайдаланылады», — деп түсіндірді Ю. Ильин.

Жалпы республика бойынша өрескел бұзушылықтармен 263 ірі объект пайдаланылуда. Ақпарат лицензиядан айыруға дейін тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға (МСҚБ) жолданды.

«Биылдан бастап ИИДМ-мен бірлесіп жобалау сатысында нормаларды сақтау мәселесі шешілді, өрт қауіпсіздігі бойынша сарапшылар енгізілді. Сонымен қатар құрылыс кезінде техникалық және авторлық қадағалау қызметіне бақылауды күшейту қажет», — деді министр. 

Елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі — ТЖМ бөлімшелерінің техникалық әзірлігі. 

2018-2020 жылдарға арналған тиісті жол картасын іске асыру жарақтандыру деңгейін 50%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Үш жыл ішінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен 645 бірлік техника сатып алынды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов 2020-2021 жылдардағы жылу беру кезеңінің басынан бері тұрғын үй секторында 4 млн теңгеден астам шығынмен 91 өрт болғанын хабарлады. Өрт кезінде 4 адам қаза тапты, 1 адам жарақат алды.

Өткен жылмен салыстырғанда, өрттің саны 40%-ға артқан. Көбіне, өрт жеке сектордан шығады, яғни 28%. Өрттің себебі – отпен абай болмау. 

Ондағы үйлердің шамамен 70 пайызы ескі, яғни 50 жыл бұрын тұрғызылған.

Жағдайды тұрақтандыру үшін жеке секторды сырып, көп қабатты үйлер салу жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Соңғы 3 жылда 1160 үй сырылды. Жыл соңына дейін тағы 117 үй сырылады. 

Әлжуаз топтар тұрып жатқан үйлерге түтін және иіс газынан сақтандыратын автономды датчиктер орнатылып жатыр. 900-ден астам құрылғы орнатылды.

Сонымен қатар өрттің алдын алу мақсатында мамандар 25 мыңнан астам үйді аралап, 63 мыңнан астам азаматқа түсіндіру жұмысын жүргізді.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ТЖ департаментін материалдық-техникалық жарақтандыруға 1,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін хабарлады. Халықтың әлеуметтік осал топтарының 10 мыңнан астам отбасына барды. 

«Автономды жылыту жүйесінің 160 нысанының 76-сы 2017 жылдан бастап шығарылды, қалған 84-і 2023 жылға дейін аяқталады, оның ішінде 71-і білім беру саласының нысаны. Жалпы өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», — деді А. Мұхамбетов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу