Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді.

Жиында кәсіпкерлік саласына «таза парақтан» реттеуді енгізу, бизнес субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселесі мен отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында көтерілген бірқатар түйткілді мәселелер қаралды.

Ұлттық экономика министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдар кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру, салалық тәуекелдер матрицасын және тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін әзірлеу барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында айтылған бірқатар бизнес мәселесі қаралды.

Жиын соңында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу