Үкіметте Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмасының орындалу барысы қаралды

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының бірақатар тапсырмасын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының жүзеге асу барысы баяндалды. Мемлекеттік органдарға тиісті заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жеделдету тапсырылды.

Кәсіпкерлік саласына «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды азайту бойынша 60 заңнамалық актіге түзету енгізу тапсырылды. 

Сонымен қатар Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді іс-шаралардың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын өзектендіру мәселесі де талқыланды.

Кеңесті қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу