Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2022 жылы 175 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысы қаралды. Аталған мәселе бойынша ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады.

Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыров 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілетті секторын қалыптастыруға, кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттыруға және кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар жасауға бағытталғаннын айтты.

Ұлттық жобаны іске асыру 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады: кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, кәсіпкерлердің өсуін акселерациялау, жаңа тауашаларды қалыптастыру, бәсекелестікті кешенді дамыту. 10 міндет, 30 көрсеткіш және 69 іс-шара айқындалды.

Ұлттық жоба:

- өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасауға;

- субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамытуға;

- кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға;

- экономиканы мемлекет иелігінен алуға бағытталған.

Экономика министрінің айтуынша, ұлттық жобаның іс-шараларын қаржыландырудың жалпы көлемі 2021 жылға шамамен 900 млрд теңгеден астам соманы құрады, оның ішінде РБ – 271 млрд теңге. 2022 жылы Ұлттық жобаны іске асыруға 1,6 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат – 1,2 млрд теңгеден астам.

Әрі қарай Ә. Қуантыров 2021 жылы Ұлттық жобаны іске асыру қорытындылары бойынша қол жеткізілген нәтижелерге толығырақ тоқталды.

Министрдің айтуынша, пандемияға байланысты 2020 жылы Бизнестің жол картасы-2025 шеңберінде салалық шектеулер алынып тасталды, бұл субсидиялау және кепілдік беру жөніндегі көрсеткіштің 62%-ға артығымен орындалуына ықпал етті және 48,8 мың жоба мемлекеттік қолдаумен қамтылды.

«Көрсетілетін қызметтер мен өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 984 жобаға гранттар берілді. “Бастау бизнес” жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 33,4 мың адам оқытылды», — деді Ә. Қуантыров.

2021 жылдың қорытындысы бойынша 169 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бизнесті ашу және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер алды.

Кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын 435 ақпараттық құралға тексеру жүргізілді.

Туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау шеңберінде нөмірлік қор 193 мың төсек-орынға дейін ұлғайтылды. Ішкі туристер саны 6,9 млн адамға дейін (жоспар бойынша 5,3 млн адам) өсті. 

«Сонымен бірге 2021 жылы туризм саласы пандемияның салдарынан кіруге байланысты шектеулер болғандықтан, қиындықтарға тап болды. Осыған байланысты, сырттан келушілер туризмі бойынша көрсеткішке қол жеткізілген жоқ», — деді министр.

Сонымен қатар субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар үлесінің ұлғаюы бойынша көрсеткішке қол жеткізілмеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 40,5%-ды құрады, жоспар бойынша – 50%.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, ұлттық жобаны іске асыру 2021 жылдың қорытындысы бойынша мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:

  • Тұрақты жұмыс орындарына 403 мың адам жұмысқа орналастырылды.

  • 320 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

  • Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 814 мың адам қамтылды.

  • Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесі төмендеді.

  • Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі өсті.

  • Экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесі 14,5%-ға дейін төмендеді.

  • Одан кейін ұлттық экономика министрі осы жылдың 8 айында қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.

«Ұлттық жобаның негізгі көрсеткіштері оң серпін көрсетіп отыр», — деді министр.

Мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін барынша қамту мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап кредит сомасы 7 млрд теңгеден 3 млрд теңгеге дейін төмендетілді, бұл жоспарланған 4 239 жобаның орнына шамамен 16,8 мың жобаны субсидиялауға және кепілдендіруге мүмкіндік берді.

Көрсетілетін қызметтер мен өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400-ге жуық жобаға гранттар берілді. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне жоспар бойынша 30 мың адамның орнына 75,1 мың адам оқытылды.

Шамамен 12 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бизнесті ашу және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер алды. Сондай-ақ технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өзара жеткізу, франшизалар сатып алу, бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі шетелдік бизнес-тағылымдамадан 33 адам өтті.

Министр ұсынған мәліметке сай, кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын 435 ақпараттық құралға тексеру жүргізілді. Осы жылдың І жартыжылдығында нөмірлік қор 200 мың төсек-орынға дейін жеткізілді. Ішкі туристер саны 3,6 млн адамды құрады.

2022 жылы мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлерге қол жеткізу күтілуде:

– Елдің жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 33,8%-ға дейін жеткізу;

– 175 мың жаңа жұмыс орнын құру;

– «Бастау бизнес» шеңберінде оқудан кейін өз ісін ашқан адамдардың үлесін 40%-ға дейін жеткізу;

– 700 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту;

– табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесін 7,1 %-ға дейін жеткізу.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шаралары бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылуда және Министрліктің тұрақты бақылауында», — деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. 

Үкімет отырысы барысында Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысы туралы «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов баяндады.

ҰКП төралқасының төрағасы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іске асырылу барысын және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын айтты.

ҰКП Ұлттық жоба аясында қаржылық емес қолдау бойынша келесі құралдарды жүзеге асыруда:

- сервистік қолдау;

- ақпараттық қамтамасыз ету;

- Іскерлік байланыстар.

Райымбек Баталовтың айтуынша, 2021 жылдан бастап 102 мың клиентке 321 мың қызмет пен кеңес көрсетілді:

1) сервистік қолдау бойынша 43 мың клиентке 50,5 мың қызмет көрсетілді;

2) ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 59 мың клиент үшін 271 мың консультация берілді;

3) «Іскерлік байланыстар» құралы бойынша 32 қатысушы шетелдік тағылымдамадан өтті.

«Клиенттерге қызметтердің 85%-дан астамы оффлайн және 15%-ы онлайн режимінде көрсетілді. Осы қолдау шаралары бизнесті дамыту үшін тиімді және қажет деп санаймыз және оларды одан әрі іске асыруды жалғастыруды ұсынамыз. Шағын және микро бизнес санаты міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылғанын атап өткен жөн. Ұлттық палатаның басым міндеттері мен әлеуметтік жауапкершілігінің бірі шағын, микро бизнесті және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау болып табылады», — деді ҰКП төралқасыныңы төрағасы.

Сонымен қатар Р. Баталов бірқатар ұсыныстардың бар екенін мәлімдеді.

Бірінші. Аудандық деңгейде қызмет көрсетуді ұлғайту және қызметтер спектрін кеңейту үшін «Сервистік қолдау» құралдарын «Ақпараттық қамтамасыз етумен» біріктіру қажет деп санаймыз, өйткені «Сервистік қолдау» тек облыс орталықтарында ұсынылған және шеткері аймақтарда көрсетілмейді. Бірлестік ШОБ субъектілерін қамтуды ұлғайтуға, аудан орталықтарындағы қажеттіліктер бойынша мамандандырылған қызметтерді атаулы көрсетуге мүмкіндік береді.

Екінші. Өнімділікті арттыру және бизнестің көлеңкеден шығуын ынталандыру үшін қаржылық емес қолдау шараларды мамандандыруды жақсартуды ұсынамыз.

«Кәсіпкерлерді атаулы оқыту бойынша бірнеше өңірдің оң тәжірибесіне сүйене отырып, оны ауқымдау және аудандар мен басым салалардың экономикалық мамандануына қарай, қаржылық емес қолдау тақырыптарын қалыптастыру қажет деп санаймыз. Сондай-ақ қызметтер маркетплейсін құру арқылы аудандарда бизнес үшін онлайн қызметтер сервистерін кеңейтуді ұсынамыз», — деді ол.

ҰКП басшысының сөзінше, ӨКП деңгейінде бизнес проблемаларын жүйелеу басталды, осы жұмыс аудандарда жалғасын табады. ШОБ тізілімдері және олардың проблемаларының тізілімдері қалыптастыратын болады. Бұл проблемалар оларды шешуге бағытталған бағдарламалардың негізі болуы керек.

«Біз ұлттық жобаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге дайынбыз, сондай-ақ әрбір облыс пен аудан үшін шағын орта және ірі бизнесті дамытудың кешенді бағдарламасын құру бойынша әдіснамалық қолдау көрсетуге әзірміз», — Райымбек Баталов.

Үшінші. 2023 жылға арналған «Іскерлік байланыстар» құралын іске асыруға арналған бюджет мақұлданбағанын ескере отырып, оны одан әрі іске асыруға қаржыландыруды бөлуді жалғастыру ұсынылады, өйткені бұл құрал кәсіпорындардың өнімділігін арттыруға, сондай-ақ ҚР-на шетелдік компаниялардың қоныс аударуына ықпал етеді. Бұдан басқа, құралды іске асыруды тоқтату ҚР мен ГФР арасындағы үкіметаралық келісімнің шарттарына қайшы келетін болады.

Бұл ретте ұшу үшін төлем тек жергілікті авиатасымалдаушылардан жүзеге асырылады. 

ҰКП кәсіптік даярлау, біліктілікті арттыру және техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері бойынша біліктілік беру жөніндегі оқу орталықтарының тізілімін жүргізу жолымен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға қатысады.

Қазіргі уақытта Тізілімге 707 білім беру ұйымы енгізілді, оның ішінде:

- 276 кәсіпорындар жанында,

- 219 колледждер жанында,

- 191 дербес оқу орталықтары,

- 11 ассоциацияларда және 10 ЖОО-да.

Оқуға ұлттық палата тізілімінен оқу орталықтары жіберіледі.

2021 жылы 16,0 мың адам оқытудан өтті, оның 14 мыңы жұмысқа орналастырылды. 2022 жылдың 8 айында 3,1 мың адам оқытылды, оның ішінде 2,2 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша ең өзекті мамандықтар:

- тігінші, аспазшы, наубайшы, есепші, тігінші, шаштараз және басқалары.

Әрі қарай Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшсы кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені төмендету бойынша сөз қозғады.

Атап айтқанда, өткен жылдың желтоқсанында қабылданған Жаңа реттеушілік саясат мәселелері жөніндегі заң шеңберінде «Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі» құралы заңнамалық түрде бекітілген. Сондай-ақ заңдарда тікелей көзделген жағдайларда ғана Бизнестің есеп беруі туралы талап бекітілген. Жаңа есептілік енгізілген кезде аталған тізілімге толықтыру енгізіледі.

Бұдан басқа, сарапшылардың қатысуымен міндетті талаптар тізілімін жүргізу қағидалары мен тәртібінің жобасы әзірленді.

Бүгінгі таңда 1-кезең аясында 16 саланың 9-ы бойынша талдау аяқталды.

Бұл салалар:

- көлік,

- сауда,

- қоғамдық тамақтану,

- үйде тұру қызметтері,

- жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар,

- тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу,

- компьютерлік бағдарламалау,

- тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ақпарат және байланыс.

Талдау қорытындысы бойынша 9 салада шамамен 28 мың талап анықталды, оның 3,8 мыңы немесе 13,6%-ы жаңа реттеушілік саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді және олардың күші жойылады немесе қайта қаралады.

«Бұдан әрі 2023 жылдың соңына дейін кәсіпкерлік қызметтің барлық басқа салалары бойынша да осындай жұмыстар жүргізіледі. Талаптарды қайта қарау бойынша жұмыс аясына мемлекеттік органдарға көмекке 100-ден астам салалық сарапшылар, бизнес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері тартылғанын атап өткім келеді. Біз мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері үшін оқыту семинарларын өткіземіз», — ҰКП басшысы.

Бизнеске қойылатын талаптарды түгендеу кезінде жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін, сондай-ақ тізілімде көзделуге тиіс НҚА-ны қайта қарау талап етіледі.

Осыған байланысты Ұлттық жобада ШОБ-қа реттеуші жүктемені азайту жөніндегі міндет шеңберінде осы оң практиканы ЖАО-ға ауыстыру және осы жұмысты келесі жылдан республикалық бағдарлама бойынша бастау ұсынылады.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру бойынша облыста келесі шаралар қабылданғаны туралы мәлімдеді.

Бірінші. Шағын және орта бизнесті қолдауға қажетті инфрақұрылым жасалды. Атап айтқанда, «Бизнеске арналған үкімет» жұмыс істейді, фронт-офис осы жылдың 8 айында 8200 кәсіпкерге кеңес беріп, 442 қызмет көрсетті.

Екінші. Мемлекеттік қолдау шараларымен 1 591 жобаны іске асыру үшін 15 млрд теңге сомаға көмек көрсетіледі. Бүгінге 1305 жоба келісілді.

Үшінші. Кәсіпкерлік жөніндегі кеңес құрылды. Онда шенеуніктердің іс-қызметіне кәсіпкерлердің шағымдары жедел түрде қаралады.

Төртінші. Шағын және орта бизнес саны мен өнім шығару бойынша оң динамика байқалады.

«Бүгінге жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің саны – 48,7 мың, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 2,3 мың субъектіні немесе 4,9%-ды құрайды, жұмыспен қамтылғандар саны – 133,5 мың адам», — деді Павлодар облысының әкімі.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығаруы 1-тоқсанда 18,9%-ға артты және 199,2 млрд теңгені құрады, өсім – 31,7 млрд теңге. Сонымен қатар 1-тоқсанда шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құны 20%-ға артып, 117 млрд теңгеге жетті, өсім – 20 млрд теңге.

Осылайша, қабылданып жатқан шаралар жоғарыда аталған және келесі көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:

- қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлердің саны бойынша жоспар 356 жоба болса, бүгінге 34,8 млрд теңгеге 912 жоба мақұлданды. Жоспар 2,6 есе артық орындалды;

- тұрақты жұмыс орындарына орналасқан адамдардың үлесін арттыру жоспар бойынша – 3 925 адам, бүгінде 4 329 адам жұмысқа орналасты. Жоспар 10%-ға артық орындалды;

- нөмірлік қор, төсек-орындар санын көбейту бойынша жоспар 8,6 мың төсек-орын болса, бүгін өңірдің әлеуеті – 8,8 мың. 

«Жалпы Ұлттық жобаның қалған көрсеткіштері бойынша жұмыс белсенді түрде жалғасуда, осы мәселе менің жеке бақылауымда», — деді Әбілқайыр Сқақов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу