Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Қазақстанда қала құрылысы кодексі әзірленеді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асырудың негізгі тетіктері туралы баяндады.

Үкімет басшысының алдында сөз сөйлеген Қ. Өскенбаев ведомствоға қатысты әрбір тапсырмаға қысқаша тоқталды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, Қала құрылысы кодексін әзірлеу мақсатында министрлікте жұмыс тобы құрылды, оның құрамына ғылыми институттар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері кірді.

Қазіргі уақытта инженерлік желілерді цифрландыру деңгейі 64,7% құрайды. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылға дейін барлық инженерлік желілерді цифрландыру жоспарлануда.

«Барлық деңгейдегі жобалар қала құрылысы сараптамасына бірыңғай енгізіледі және табиғи монополиялар субъектілерінің еркін қуаттар мен инженерлік желілердің сипаттамалары бойынша деректері міндетті түрде нормативтік база болып құрылады», — деді Қайырбек Өскенбаев.

Депутаттық бастама негізінде Мәжіліс қарауына енгізілген заң жобасы шеңберінде келесідей нормалар көзделген:

  • кондоминиум объектісін басқару және күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау кезінде үй кеңестерінің рөлін күшейту;
  • кондоминиум объектісін тіркеуге бастамашылық жасау туралы жергілікті атқарушы органдардың құзыретін айқындау;
  • тұрғын үй кешені шаруашылығы саласында деректерді жинау және өңдеу бойынша жаңа тәсілдерді енгізу.

Үкімет қорытындысының тиісті жобасы Президент Әкімшілігінде келісуде.

Тұрғын үйлерді жайластыру мен қалалардың инфрақұрылымын дамытуды, аумақтарды кешенді дамыту стандарты шеңберінде іске асыру жоспарланып отыр. Стандартты қолдану келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

– қалалық орта сапасын арттыру;

– қазақстандық қалалардың қазіргі заманғы даму модельдеріне көшуді іске асыру;

– қала келбетін қалыптастыру;

– қазіргі таңда экономикалық тиімді пайдаға асыру кезінде оның тарихи құрылысын сақтау.

Стандарттар осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бекітілді және күшіне енді. Олар әрбір жергілікті атқарушы органға берілді.

Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар аудандар мен көшелер бөлінісінде сәулеттік дизайнды бекітуі керек. Сондай-ақ қолданыстағы қала құрылысы құжаттамасының негізінде шағын сәулет нысандары мен абаттандыруды қолдана отырып, қалалардың қазіргі заманғы бейнесінің кешенді дизайнын әзірлеу және бекіту қажет. Сонымен қатар кешенді дизайнды іске асырудың кезеңдік жоспары бекітілуі тиіс.

Заңнаманы және жер қойнауын игеруге инвестициялар тарту рәсімдерін оңтайландыру үшін келесі шаралар ұсынылады:

Бірінші. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексті ескірген, жұмыс істемейтін және артық бөлшектелген нормалар тұрғысынан қайта қарау.

Екінші. Оңтайландыруды және цифрландыруды ескере отырып, бизнес-процестерді реинжинирингтеу.

Үшінші. Kaz-Nedra платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру. Осы айдың өзінде «Kaz-Nedra» ақпараттық жүйесі шеңберінде «пилоттық» жобада қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиялар алу мүмкіндігі пайда болады. Жыл соңына дейін қатты пайдалы қазбалар саласында басқа да функцияларды автоматтандыру жоспарланып отыр.

«Цифрландыруды ескере отырып, инвесторлар үшін барлық бизнес-процестер мен нормативтік талаптар қайта қаралады және жеңілдетіледі», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында келесі жаңа шараларды енгізуді ұсынады.

Бірінші. Жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу.

Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына жеңілдіктер «Инвестициялар неғұрлым көп болса, соғұрлым жеңілдіктер» қағидаты бойынша салынған инвестицияларға байланысты сараланып берілетін болады.

Екінші. Аралас режимді енгізу.

Арнайы экономикалық аймақ қызметінің басым түрлері бойынша жобалар үшін арнайы экономикалық аймақ режимінде жеңілдіктер, ал жобаларды басымдықтардан тыс іске асыруды жоспарлап отырғандарға – тек инфрақұрылымы бар жер, Индустриялық аймақтардағыдай, кедендік және салықтық жеңілдіктерден босатпай берілетін болады.

Үшінші. Жер учаскесін сатып алу мүмкіндігі.

Қазіргі уақытта арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының жер учаскесін барлық инвестициялық міндеттемелерді адал орындағаннан кейін сатып алу мүмкіндігі енгізілуде – атап айтқанда өндірісті пайдалануға беру және оның белгілі бір жобалық қуатқа шығуы. Бұл түзетулерді депутаттық бастама аясында Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмалары бойынша заң жобасы шеңберінде енгізу жоспарланып отыр.

Ағымдағы геосаяси жағдайды ескере отырып, елдің транзиттік әлеуетін нығайту мақсатында келесі шаралар жүзеге асырылады:

- Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленеді;

- көлік инфрақұрылымын салу және жаңғырту бойынша жобалар іске асырылады;

- мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін шекаралас мемлекеттермен дамыту қамтамасыз етіледі;

- отандық өндіріс өнімдерін басымдықпен пайдалануды ескере отырып, жылжымалы құрам жаңартылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұжырымдама осы жылдың соңына дейін әзірленетін болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұлттық көлік-логистикалық компаниясына трансформациялау аясында әлемдік көлік-логистикалық компаниялармен синхрондау, «тар жерлерді» жою және тасымалдау құжаттарымен жіксіз алмасуды, халықаралық нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін Бірыңғай цифрлық дәліз құрумен кооперация жасау ұсынылады. Сонымен қатар PSA компаниясымен бірге көлік дәліздерін цифрландыру; Иран, Әзірбайжан, Грузия және Түркия порттарында сыртқы терминалдық желілер құру жоспарланған. Одан басқа корпоративтік шешімдерді қабылдауға қатысу, тарифтік саясатты келісу және операциялық қызметті арттыру арқылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ операциялық қызметінде мемлекеттік реттеу күшейтіледі. Сондай-ақ көлік-логистика саласын одан әрі дамыту үшін ғылыми қолданбалы әзірлемелердің ұлттық базасы құрылады.

Осы іс-шараларды іске асыру Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бекітілетін болады.

Жолдардың сапасын арттыру мақсатында:

1. құрылыс процесінің барлық қатысушыларының жеке жауапкершілігі күшейтіледі;

2. жобалық сметалық құжаттама әзірлеу сапасы мен жоспарлаудың тиімділігі арттырылады;

3. ғылымды дамыту және нормативтік база жетілдіреді;

4. ғылыми сараптама, іздестіру және жобалау шешімдерін техникалық сүйемелдеуден өтеді;

5. материалдар мен жаңа технологиялардың электрондық базасы қалыптастырылады;

6. жолдардың сапасын бақылау күшейтіледі;

7. құрылыс процесін цифрландыру жүргізіледі.

Жоғарыда аталған барлық нормалар қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісі қарауындағы көлік мәселелері жөніндегі заң жобасында қарастырылған. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу