СҚО өңірді өзі өндіретін құс етімен 100% қамтамасыз етуге дайын

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда ӘКК арқылы жеңілдікпен несиелендіру бойынша пилоттық жоба аясында ашылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің нәтижелері Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринге СҚО Аққайың ауданы, Ленин ауылында ауыл шаруашылығы өндірушілерімен өткен кездесуде таныстырылды.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, соңғы екі жылда СҚО-да ашылған құс фабрикаларының арқасында бүгінде облыста кәсіпорындар толық қуатқа шыққаннан кейін құс етінің 100% импортты алмастыруы үшін қажеттінің бәрі бар.  Мәселен, 5 мың тонна ет өндіретін «Северный бройлер» құс фабрикасы облыстың құс етіне деген сұранысын 50%-ға дейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл 170-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отырған ауылдық округтегі алғашқы ірі инвестициялық жоба, оның 90%-ы – жергілікті тұрғындар.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының есептелген табыстылығы қарызға алынған ақшаны дер кезінде қайтаруға мүмкіндік береді. ӘКК арқылы несиелендіру механизмі қаражатты уақытылы қайтаруды және жоба бастамашылары үшін барынша қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етеді, кепіл шарттарын үнемдейді (кепіл ретінде сатып алынған техника мен мал қабылданады).

Көптеген жобаларды толық жүзеге асыру үшін 1,5-2 жыл қажет. 2021-2022 жылдары 7 бағыт бойынша 35 ірі жоба іске асырылды. Бүгінде СҚО-ның барлық аудандары сүт кешендерінің құрылысымен қамтылған.

Құрылысқа жергілікті мердігерлерді тарту, отандық жеткізушілерден материалдар сатып алу, өңделетін жем-шөп дақылдарының алаңдарын және қайта өңдеу үшін өндірілетін шикізат көлемін ұлғайту, заманауи құрал-жабдықтар сатып алу, жаңа жұмыс орындарын құру, ауылдарды жаңғырту, әлеуметтік нысандарды салу. Мұның бәрі синергетикалық әсер көрсетеді.

Жобаларды іске асырудан соңғы 2 жылда ұйымдасқан шаруашылықтарда сүт өндірісі 17,5%-ға немесе 35,3 мың тоннаға (201,8-ден 237,1 мың тоннаға дейін) өсті. Бүгінгі таңда облыс дайын сүт өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады (Қазақстан бойынша өндіріс – 819 мың тонна, оның ішінде СҚО – 188,4 мың тонна (23%). 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне келер болсақ, 2021 жылы «Әдемі Астық» ЖШС жаңадан бой көтерген Айыртау ауданы Прекрасное ауылында 600 басқа арналған сүт кешені салынды. Кәсіпорын жүйе құрушы болып отыр, инвестор өз қызметкерлеріне үй салып, ауылды абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Шаруашылық салынғанға дейін ауылда бір ғана үй болса, қазір үй саны 30-ға жетті.

«Біздің алдымызда елдің сүт, құс еті мен көкөністерге деген қажеттілігін өзі толығымен жабатындай ету міндеті тұр. Бүгінде бұл саладағы ең жоғары құзыреттер – СҚО-да. Өңір агроөнеркәсіп өндірушілеріне жеңілдетілген қаржыландыруды ұсыну бойынша ауқымды жобаны іске асырудың бастамашысы болды, мемлекеттік инвестицияның тиімділігін көріп отырмыз. Біз бұл жобаны қуатты жем-шөп және өндірістік база құрылған басқа өңірлерде де кеңейтуді жоспарлап отырмыз, бұл жобаны ертерек іске асыру және тезірек нәтиже алу үшін қажетті жағдайлар. Суару жобаларын қолдауға дайынбыз. Біз сіздерді жобаға қатысуға шақырамыз және осындай мүмкіндіктері мен кеңейтуге ұмтылысы бар барлық тілек білдірушілерді барынша қолдауға дайынбыз. Сонымен қатар бүгінде біз тауар өндірушілерге өнімді өткізу үшін ең жақсы жағдай жасау үшін сауда желілерімен жұмыс істеп жатырмыз», — деді Серік Жұманғарин фермерлерге кездесу барысында.

2022 жылғы 13-14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары облыстың бірнеше ауданында болып, Тайынша ветеринарлық зертханасының қызметімен, ветеринарлық-санитарлық зертхананың, «Солтүстік» ӘКК арқылы жеңілдетілген несиелендіру бойынша пилоттық жобаларға қатысушы кәсіпорындар – «Зенченко және К», «Қызылжар сүт» сүт-тауарлы фермалары, BioOperations крахмал зауыты, жылыжайлар, көкөніс қоймалары және «Радуга» ЖШС қағаз өндірісі зауыты, «EMC Agro» шошқа фермасын кеңейту кешені, Новоникольский ауылындағы әлеуметтік нысандарының жұмысымен тынысты. Жақын арада вице-премьер өндірушілермен кездесу үшін басқа аграрлық облыстардың кәсіпорындарына баруды жоспарлап отыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу