ФОТОРЕПОРТАЖ: ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Ақмола облысына жұмыс сапары

06 тамыз 2016, 02:08
Ақмола облысы

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша аймақтың жай-күйімен танысып, өзекті мәселелері мен проблемаларын талқылау үшін ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.

Премьер-Министрдің өңірге жұмыс сапары барысында барған алғашқы нысан «Степногор Еуропалық подшипник корпорациясы» АҚ болды.  Кәсіпорында теміржол көлігіне арналған подшипниктер шығарылады. 2016 жылғы алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша 5,8 тонна құрамдас бөліктер өндірілген, кәсіпорындағы өнімнің 90% РФ-на экспортталады.  

 

«№2 индустриалдық-техникалық колледж» машинажасау саласындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті жастарды даярлайды.

 

Премьер-Министр қаланың жастарымен кездесіп, проблемалы мәселелерді, атап айтқанда еңбекпен қамту және кәсіптік-техникалық білім беру мәселелерін талқылады.

 

«Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС аралау барысында Премьер-Министр мұндай шаруашылықтардың өнімдері Астананың азық-түлік белдеуінің проблемалы мәселелерін шешуі тиіс екенін айтып өтті.

 

ҚЖТ – бұл Степногордағы АӨК-дегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында салынған 3,56 гектарды алып жатқан заманауи кешен.

 

Бурабай ауданында Премьер-Министр «Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясына барып, онда қаланың педагогтарымен кездесу өткізді, оның барысында мектеп мұғалімдерінің мәртебесін көтеру және балаларға сапалы білім беру үшін ақпараттық инфрақұрылымды дамыту қажеттігін атап өтті.


 

Білім мекемесінде К.Мәсімов педагогтармен жүздесіп, еліміздегі шағын жинақты мектептер мен мектеп-интернаттарда білім сапасын арттыру мәселелерін талқылады. 

 

«Есіл-Агро» ЖШС алқабы – ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің шаруашылық қызметінің нәтижелерімен танысу.

 

«Есіл Агро» сүт-тауар фермасын аралау.

 

«Бурабай - даму» ЖШС музейінде Кәрім Мәсімовке жабайы аң-құстардың көрмесі, жәндіктер, өсімдіктер мен минералдардың топтамалары көрсетілді. Сондай-ақ Премьер-Министр «Бурабай» Ұлттық саябағының және Щучинск-Бурабай курорттық аймағының макетін қарады.

 

Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі кеңес. Бурабай курорты Ақмола облысының ерекшелігін көрсететені аймаққа айналуы тиіс.

 

Астана маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелері жөніндегі кеңес. Талқылаудағы негізгі мәселе азық-түлікке баға белгілеу болды.