ФОТОРЕПОРТАЖ: ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары

02 тамыз 2017, 09:30
Қарағанды облысы
Фото: primeminister.kz

Биыл 28 шілдеде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің іске асырылу барысымен танысты.

«Сарыарқа Нан Қарағанды» жаңа кәсіпорнының наубайшылары нан-тоқаш өнімдерін дайындау кезінде инновациялық технологияларды қолданады. Зауыт биыл ақпан айында іске қосылды және ТМД-да осыған ұқсас кәсіпорын жоқ.

Нан зауытын аралау кезінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа жобаның «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен іске асырылғаны туралы мәлімделді. Зауыт жоғары технологиялық өндірістен тұрады, мұнда Германиядан, Италиядан, Франциядан, Словакиядан және Словениядан әкелінген заманауи жабдықтар қолданылады. Барлық үдерістер компьютерленген және роботталған.

Металлургиялық кремний шығаратын «Tau-Ken Temir» ЖШС зауытында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев технологиялық жаңғырту бойынша қолданылып жатқан шаралармен және кәсіпорынды дамыту перспективаларымен танысты.

«Tau-Ken Temir» ЖШС кәсіпорны 2014 жылы пайдалануға берілген және электрпештер өндіретін көшбасшылардың бірінің бірегей еуропалық жабдығына ие. Мұнда әлемдегі алдыңғы қатарлы технологиялардың бірі қолданылады. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 24 мың тонна металлургиялық кремнийді құрайды. Кәсіпорын өнімдері алыс және таяу шетелге, атап айтқанда АҚШ, ЕО елдеріне, Ресей және Белоруссияға экспортталады, оған қоса өнімдегі қазақстандық қамту 80% құрайды.

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары технологиялық жаңғыру бойынша біртіндеп қарқын алып келе жатыр. Бұл үдеріске не кедергі келтіріп тұр, Үкімет қандай көмек көрсетіп жатыр және Елбасы Н. Назарбаевтың Жолдауындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қандай міндеттерді орындау керек? Осы және өзге де мәселелерді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев республиканың өнеркәсіп иелерімен өткен жұмыс кеңесінде талқылады.

Кеңеске мемлекеттік органдардың, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстарының әкімдерінің орынбасарлары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, «Атамекен» ҰКП ұлттық компаниялары мен холдингтерінің өкілдері, Қазақстанның жүйе құрушы кәсіпорындарының, сондай-ақ Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Мұндай құрам қозғалған мәселелердің шешімін анықтауға және жаңғыртудың стратегиялық жоспарлары бойынша алдағы шараларды айқындауға мүмкіндік берді.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өңірдің барлық кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту туралы баяндады.

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев, «ERG» қадағалау кеңесінің төрағасы Алдияр Қазтаев, «АрселорМиттал ТМД» АҚ бас директоры Калон Парамжит, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Бақтияр Қырықпышев, «Қазмырыш» ЖШС атқарушы директоры Нариман Қуанышев, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров, «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС бас директоры Талғат Мақаев және «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ басқарма төрағасы Серғазы Әдекенов кәсіпорындарды жаңғырту туралы баяндамаларымен таныстырды.

Компаниялардың өкілдерінің сұрақтарына ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев түсініктемелер беріп өтті.

Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне қызмет көрсету орталығында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірдегі отандық бизнеске қолдау көрсету шараларын іске асыру жұмыстарымен танысты.

Кәсіпкер Елена Ерш Бақытжан Сағынтаевқа Қарағандыда балабақша ашқанын және КҚКО-ға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындаға қолдау шаралары туралы ақпарат алуға келгенін айтты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР қаржы вице-министрі Т. Савельевадан биыл 27 шілдеде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы бойынша өткен кеңесте ескерілген, кәсіпкер Mirusdesk жобасының негізін қалаушы Мирус Құрмашевтың ұсынысын пысықтау бойынша тапсырмасының орындалу деңгейі туралы сұрады.

Мирус Құрмашев Бақытжан Сағынтаевқа бірге фотоға түсуді ұсынды. Жас жігіттің айтуынша IT мамандары «әлемінде» отандық әзірлеушілер өздерінің Қазақстаннан екенін білдіру үшін саусақтарын осылай көрсететінін айтты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағандының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесуде өңірдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуде тұрмыстық қызметтерге сараланған тарифті жою, ескірген құрылыс нормалары мен ережелерінің орнына еурокод жүйелерін енгізу, АӨК инвестициялық субсидияларын төлеу, отандық тауар өндірушілерге шикізатқа импорттық кеден бажы мен ҚР аумағы бойынша жүктерді тасымалдауға кететін шығындардың өтемақысын төмендету тұрғысынан қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша пайымдарымен «Жекешелендіру бюросы» ЖШС директоры Александр Перов, «АСПАП» ПК директоры Төлеген Әшімов, «Шығыс» ШҚ басшысы Шамиль Осин, «Kazcenterelectroprovod» ЖШС бас директоры Сергей Ким, «Қарағанды облысы құрылыс салушылар қауымдастығы» ЖК және ЗТБ директоры Найля Қайырбекова, «Магнитка Қазамета» ЖШС директоры Андрей Витик бөлісті.

Монополистердің тұтынушылармен өзара қарым-қатынасына және кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін факторларға байланысты мәселелер көтерілді.

Өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Қарағанды облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов айтып берді.

Кәсіпкерлер қозғаған тақырыптарға ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева түсініктеме беріп өтті. 

Өңірдің кәсіпкерлік қоғамымен кездесу суретке түсумен аяқталды.  

АӨК мемлекеттік бағдарламасы аясында «Нәтиже» Сүт фабрикасы» кәсіпорнында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту бойынша міндет орындалып жатыр.  

«Нұрлы жол» аясында жүргілізіп жатқан «Орталық - Оңтүстік» көлік дәлізінің реконструкциялау барысымен Бақытжан Сағынтаев «Қарағанды - Теміртау» автокөлік жолы учаскесінде танысты.  Мұнда бетон жабынын қалау және арматуралау жұмыстары жүргізіледі. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды бөлімшесінің директоры Қанат Шаймин автокөлік жолын жөндеу барысы мен жоспардағы аяқталу мерзімі туралы баяндады.

2015 жылы жөндеу жұмыстары басталған «Орталық - Оңтүстік» көлік дәлізі көлік-логистикалық әлеуетті дамытуға ықпал ететін болады және Қазақстанға әлемдік көлік жолдарына қосылуға әрі транзиттік халықаралық тасымалдардың көлемін арттыруға мүмкіндік береді. 

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Теміртауда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығын аралап, онда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Магниткасында мұрағат құжаттары, кітаптар, заттардың экспозицияларымен танысты.

Тұңғыш Президенттің мәдени-тарихи орталығы Мемлекет басшысының қатысуымен 2011 жылы ашылды. Негізгі жұмыс Тұңғыш Президенттің биографиясы призмасы арқылы Тәуелсіз Қазақстан мен ауыр индустрия алыбы – Қазақстан Магиткасының қалыптасуы тақырыбын ашуға шоғырланған. 

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ аралау кезінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев  кәсіпорынның өндірістік нысандарын - ЖЭЦ-2 және домна пешін жаңғырту жоспарларымен танысты.

ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша аса маңызды міндетті орындау шаралары туралы баяндады. Осы мақсатта ЖЭЦ-2 қуаттарын жаңғырту бойынша кешенді жоспар әзірленеді.

Орталық диспетчерліктен турбиналық цех және жалпы станция жұмысының параметрлерін бақылайды және 2017-2018 жылдарға жөндеу науқаны жүргізіліп жатқан станцияның негізгі көрсеткіштері туралы ақпаратты алады. 

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев №3 домна пешіндегі шойын шығару процесімен, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметімен және кәсіпорынды технологиялық жаңғыртудың алдағы перспективаларымен танысты.  

Теміртауда орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, қалалардың әкімдері және өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларымен өткен жұмыс кеңесінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясындағы моноқалаларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. 

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады. 

Өз қалаларындағы жағдай бойынша Теміртау қ. әкімі Ғалым Әшімов, Кентау қ. әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев және Степногор қ. әкімі Әнуар Күмпекеев баяндама жасады.

Бизнес өкілдері - «Talas Investment Company» ЖШС бас директоры Бақтияр Алдашов, «Bapy Mining» ЖШС директоры Бақыт Шалбаев, «ССГПО» АҚ вице-президенті Ерлан Әлкенов, «SES Saran» ЖШС бас инвесторы Ян Зонненшайн, «ERG» қадағалау кеңесінің төрағасы Алдияр Қазтаев моноқалаларды дамыту бойынша жоспарларды іске асыру бойынша өз пайымдарын айтып өтті. 

Кеңесте сондай-ақ «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру, тоқтап қалған және толық жүктелмеген жобалар мәселелері, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытудың түйіткілді мәселелері талқыланды. 

Кеңес қорытындысы нақты шаралар әзірлеу және айтылған ұсыныстарды моноқалалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында оларды дамытудың әрекеттегі бағдарламасына өзгерістер пакетіне қосу туралы шешім болды.