Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Атырау облысындағы «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

15 қыркүйек 2017, 17:30
Атырау облысы
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Атырау қаласының шағын аудандарының бірін аралап, онда «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынған көппәтерлі тұрғын үйлердің сапасымен танысты.

«Нұрсая» шағын ауданындағы 285 пәтер болатын алты тұрғын үйден тұратын «Тұлпар-2» тұрғын үй кешенін аралау барысында Бақытжан Сағынтаев салынған тұрғын үйдің сапасына баға берді және облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сүйіншәлиевтің мұнда жүргізілген құрылыс жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады.  

Еске салсақ, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын ҚР Үкіметі өткен жылдың соңында Президенттің тапсырмасымен елімізде іске асырылып жатқан барлық басқа тұрғын үй бағдарламаларын біріктіру үшін әзірледі және қабылдады. Бағдарлама аясында жыл сайын шамамен 100 мың тұрғын үй бірлігін салу қарастырылған, бұл 15 жылда шамамен 1,5 млн отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Нұрлы Жер» бағдарламасының негізгі тетіктері:

  • Квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне алдында ұсынылған мемлекеттік қаражатты және тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысушылардың жинақтарын пайдалану қағидасы бойынша несиелік тұрғын үй құрылысы көлемін арттыру.

  • Мемлекеттің ЕДБ пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы жекеменшік тұрғын үй салушылар құрылысын ынталандыру.

  • Несиелер бойынша субсидиялау арқылы жекеменшік тұрғын үй салушылар құрылысын ынталандыру.  

  • Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына арналған сатып алусыз арендалық тұрғын үй қорларын құру.

  • Жер телімдерін ұсыну және қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» аясында 10,2 млн м2 астам тұрғын үйді (99 мың пәтер) пайдалануға беру күтілуде, олардың ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен — 1,5 млн м2 (25 мың пәтер). 2017 жылғы жеті айда қаржыландырудың барлық көздері есебінен 6,2 млн м2 тұрғын үй аудандары (жоспардың 61%) пайдалануға берілді.

Жыл сайын он жыл бойы халықтың ипотекалық қарыздарын субсидиялауға 10 млрд теңгеден бөлу қарастырылғанын айта кеткен жөн. Ағымдағы жылы жоспар бойынша бөлінген қаражаттың 4,3 млрд теңгесі «ҚИК» АҚ операторына аударылды.

Биыл шілде айынан бастап заңға тәуелді қажетті актілерді қабылдаған соң екінші деңгейдегі үш банк (БЦК, Сбербанк, АТФ-Банк) 11 өңірде ипотеканы белсенді жүзеге асыруда (Астана, Алматы қалалары, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстары, ШҚО, БҚО).