Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау кәсіпкерлерімен өңірді дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін талқылады

26 қазан 2017, 10:30
Маңғыстау облысы
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Онда шара қатысушылары мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, несие ресурстарының қолжетімділігін арттыру, туристік салаға қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, сондай-ақ, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін суаруға арналған сумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Өңірдің бизнес қауымдастығы тарапынан Өңірлік кеңестің төрағасы, «Запказтранзит» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Жаңабай Сүйіндіков, «Қазтеңізтрансфлот» компаниясының бас директоры Марат Орманов, Маңғыстау облысы Туризм қауымдастығының төрағасы, «Каспий холдинг» ЖШС директоры Виктор Кох, «Агророст» фермерлер қауымдастығының төрайымы Нұрсәуле Жиенбаева, «Заман және К» ЖШС және «Салют және К» ЖШС директоры Хажеден Измаилов, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов, «Кезби» ЖШС директоры Бітім Кезбаев, «deSali design territory studio» ЖШС және «Coffee&People» ЖШС директоры Сәуле Салыхова және «ҚазАзот» АҚ «Шағырлы–Шөмішті» бөлімшесінің директоры Абзал Меңдібаев сөз сөйледі.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көтерілген мәселелерге қатысты түсініктеме беріп өтті.

Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі еліміздің бизнес ахуалын жақсартып, отандық бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жолында жүйелі негізде жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Бизнесті қайта реттеу бойынша белсенді шаралар қабылданып жатыр, бүгінде бизнеске рұқсат құжаттамасының саны шамамен үш есеге қысқартылды.

Сондай-ақ, түрлі есептемелер мен мәлімдемелердің, негізсіз салық тексерулерінің санын қысқарту бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр. Бұдан өзге, бизнестің мемлекеттік сатып алуларға және квазимемлекеттік сектор сатып алуларына қолжетімділігін арттыру бойынша көлемді жұмыстар жүргізілді, еліміздің әрбір жүйе құраушы кәсіпорны бойынша жергілікті қамту көлемін ұлғайтудың мақсатты индикаторларын орнату жұмыстары бастау алды.

Қаржылық қолдау көрсету шаралары туралы айтар болсақ, қазіргі таңда мемлекет Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асырып жатыр, оның аясында тиімді мөлшерлеме бойынша 18 млн теңгеге дейін шағын несиелер беріледі.

Үкіметтің отандық бизнесті дамыту бойынша кешенді жұмысы одан әрі жалғасын таппақ, себебі, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі ШОБ-тің үлесі 2050 жылға қарай 50%-дан кем болмауы тиіс.

1/9
2/9
3/9
4/9
5/9
6/9
7/9
8/9
9/9