ФОТОЕСЕП: Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

11 тамыз 2016, 21:56
Батыс Қазақстан облысы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кәрім Мәсімов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ахуалымен танысу үшін Батыс Қазақстан облысына барды.

Сапар барысында Премьер-Министр еңбек ұжымдарымен және өңірдің қоғам өкілдерімен кездесіп, инфрақұрылымдық нысандарды, АӨК кәсіпорындарын аралады.

 

Оралда Премьер-Министр әуежайдың қауіпсіздік жүйесімен танысты. Көлік инфрақұрылымының стратегиялық маңызды нысандарының, бірінші кезекте, әуежайлар мен теміржол вокзалдарының қауіпсіздік мәселелеріне елімізде ерекше көңіл бөлінеді.  

 

Премьер-Министр Орал – Тасқала – РФ шекарасы автожолын қайта жөндеу барысымен танысты. Аймақты Ресей Федерациясының Саратов облысымен байланыстыратын аталған автожолды қайта жөндеу жобасы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайды, қайта жөндеу жұмыстары 2015 жылдың шілде айында басталған, оны 2018 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.

 

Премьер-Министр Батыс Қазақстан облысының автомобиль жолдарының жай-күйі туралы кеңес өткізді.

 

К. Мәсімовке «Кублей» ЖШС ет комбинатындағы консерві өндіретін заманауи технологиялар таныстырылды.  

 

Премьер-Министрі АӨК өкілдерімен кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі дамуының әлеуеті аса зор. Мемлекет басшысы аграрлық секторды елдің экономикалық өсімінің негізгі қозғаушы күштеріне айналдыру міндетін қойды.

 

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында мемлекет өңдеуші кәсіпорындарға қолдау көрсетеді, атап айтқанда, инвестициялық шығындардың бір бөлігін субсидиялайды.

 

К. Мәсімов газ саласын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22-орында, ал ТМД-да 3-орында тұр. Премьер-Министр оң статистикаға қарамастан, салада уақтылы мән беруді талап ететін бірқатар мәселенің бар екенін айтты.

 

Премьер-Министр Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық Мәдениет және өнер орталығының конференц-залында қоғам және зиялы қауым өкілдерімен облыстың өзекті мәселелері жөнінде кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар аймақтың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, құрылыс, жол-көлік инфрақұрылымы, жастарды жұмысқа орналастыру тақырыптары көтеріліп, Орал өзеніндегі экологиялық ахуал туралы айтылды.