Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ФОТОЕСЕП: Кәрім Мәсімовтің Жамбыл облысына жұмыс сапары

24 тамыз 2016, 00:50
Жамбыл облысы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі аймақтардағы мәселелерді зерттеп, жинақтау үшін жұмыс сапарын жалғастыруда.

Кәрім Мәсімов өнеркәсіптік нысандарды, АӨК кәсіпорындарын аралады, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша ауқымды кеңес өткізді. Сонымен қатар, инновациялық жобалармен танысып, өңірдің туристік әлеуетін бағалады, қоғам өкілдерімен кездесті.

 

ҚР Премьер-Министрі Қазақстандағы ең ірі «Burnoye Solar-1» күн электр станциясына барды. Тек өткен жылы ғана компания 38,4 миллион киловатт-сағат астам электр энергиясын өндірген, бұл аймақтағы энергоресурс тапшылығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Баламалы энергия көздері саласындағы инновациялық жоба «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде таныстырылатын болады.

 

Кәрім Мәсімов АӨК озық технологияларымен танысты. Премьер-Министр озық технологиялардың арқасында өңірдің күрделі климаттық жағдайларына қарамастан жоғарғы сапалы өнімдер өндіретін «Гамбург» шаруа қожалығын аралады. Шаруашылықта ет және сүт өндіріп, өңдейді. Шаруа қожалығының алқаптарында Премьер-Министрді суару жүйесінің жүзеге асырылу барысымен таныстырды.

 

Кәрім Мәсімов нақты экономиканың басты бағыты саналатын мұнай-химия саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңеске қатысушылар салық, тарифтік саясат, субсидия, инфрақұрылым мәселелерін көтерді. Кеңесті қорытындылай келе Премьер-Министр жұмыс тобын құруды, өнеркәсіп саласындағы проблемаларды жинауды әрі қорытындылауды және шешім жолдарын көрсететін ұсыныстарын дайындауды тапсырды. Мұнай-химия өнеркәсібі 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық бағдарламадағы басымдықтардың бірі болып есептеледі.

 

Премьер-Министр Тараз қаласындағы жергілікті полиция қызметінің базасында полицейлердің дайындық деңгейін және жабдықталғанын тексерді. ІІД облыстық бөлімшесі құрамында 1 280 адам қызмет етеді: учаскелік полиция инспекторлары, учаске көмекшілері, кәмелетке толмағандар жұмысы бойынша инспекторлары, жол-патрульдік полициясы кіреді.

 

ҚР Премьер-Министрі Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясаты мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Кездесу ашық және конструктивті диалог форматында өтті. Жұмыспен қамту, білім беру, ШОБ дамыту, зияткерлік меншік туралы өзекті мәселелер қозғалды. Кеңес барысында жастар ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы ұсыныс түсті, оған Кәрім Мәсімов қолдау білдірді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жастар саясатының мәселелері ҚР Үкіметінің ерекше назарында тұр.


 

Кәрім Мәсімов Жамбыл облысында мәдени-тарихи туризмді дамыту перспективаларымен танысты. 

 

ҚР Премьер-Министрі қаланың қоғам өкілдерімен Тараздың туристік әлеуетін талқылады.