ФОТОЕСЕП: Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің Алматыға жұмыс сапары

16 тамыз 2016, 03:17
Алматы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қала билігінің жұмысын бағалау үшін жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.

Сапар бағдарламасында әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инноациялық lаму, агроөнеркәсіп кешені, кәсіпкерлік мәселелеріне айрықша назар аударылды.

 

Премьер-Министр барған бетте Алматы халықаралық әуежайының қауіпсіздік жүйесімен танысты. К. Мәсімовке «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ президенті А. Бекмұхамбетов мегаполис әуе айлағының инженерлік-техникалық жағдайы және антитеррорлық қауіпсіздігі туралы баяндама жасады. 15 тамыз 2016 жыл.

 

Премьер-Министр Алматыда «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА құрылыс барысымен танысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің маңызды бағыттарының бірі ретінде экономиканың болашақтағы дамуы таңдалды. Бұл міндетті орындау шешімінің бір бөлігі инвесторларға арнап қолайлы жағдай, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтарды дамыту арқылы салық жағдайын жасау болып табылады. 15 тамыз 2016 жыл.

 

Кәрім Мәсімов «Байсерке-Агро» агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік әлеуетіне баға берді. Бұл шаруашылық 1800 тонна сүт және 1250 тонна ет өнімдерін шығарады. 15 тамыз 2016 жыл.

 

Премьер-Министр Қарғалы өзенінің жағасын нығайту қалай жүріп жатқанын тексеріп, Алматы қаласындағы су тасқынының алдын алу бойынша шараларды талқылады. Бұл өзеннің жағасын су шайып, қаланың үш ауданын ішінара су басқан болатын. ТЖ салдарын жою бойынша жұмыстар қала билігінің айрықша бақылауында. Кәрім Мәсімовке Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиқовтің жасаған мәлімдемесі бойынша, жөндеу жұмыстары ұзындығы 7,7 шақырым өзен учаскесінде жүргізіліп жатыр. 15 тамыз 2016 жыл.

 

Кәрім Мәсімов Алматының Алатау ауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлерді қарап шықты. Бүгінгі таңда Алматының Бас жоспарында іске қосу жоспарланған «Сайалы» шағын ауданының 98 үйінің 65-і салынды. Жаңа тұрғын үй кешендері Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. 15 тамыз 2016 жыл.

 

Премьер-Министр Алматының Алатау ауданындағы жолдар мен арықтар салу барысымен танысты. Қазіргі уақытта «Шаңырақ» шағын ауданында арық жүйелерін салу және асфальт төсеуге негіз дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылым салуды қыркүйекте аяқтау жоспарланған. 15 тамыз 2016 жыл.

 

Кәрім Мәсімов Дүниежүзілік Универсиадаға дайындық барысымен танысты. Ол Атлеттер ауылы мен жаңа Мұз сарайын аралаы. Орталық Азиядағы ірі Мұз айдыны 12 мың орынға есептелген, мұнда қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты, сондай-ақ шорт-трек конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау және хоккей жарыстары өтеді. 15 тамыз 2016 жыл.

 

Кәрім Мәсімов Алматыда әлеуметтік сала дәрігерлерімен және өкілдерімен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мәселесі бойынша кеңес өткізді. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып есептеледі. Премьер-Министр мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың осы мәселе бойынша тығыз бірлесіп жұмыс істеуге тиіс екенін атап өтті. 15 тамыз 2016 жыл.

 

Кәрім Мәсімов Алматыдағы Ахмет Байтұрсыновтың үй-музейін аралап, жәдігерлермен танысты. 15 тамыз 2016 жыл.

 

Премьер-Министрге Алматы дамуының жаңартылған Бас жоспары таныстырылды. Экономиканың жылдам дамуы мегаполис халқының 20%-ға артуына алып келді, нәтижесінде алдында 2021 жылға дейін жоспарланған көрсеткіштерге 2013 жылы-ақ қол жеткізілді. 15 тамыз 2016 жыл.

 

Кәрім Мәсімов ШОБ-ті қолдау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында тұр.

 

Премьер-Министр банк секторының өкілдерімен қаржы ұйымдарының қызметі мәселелерін талқылады.