ФОТОЕСЕП: Кәрім Мәсімовтің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

17 тамыз 2016, 01:16
Шығыс Қазақстан облысы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Кәрім Мәсімов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау үшін жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.

Премьер-Министр инфрақұрылым нысандарын, АӨК кәсіпорындарын аралап, өндіріске ғылыми әзірлемелер енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді, сондай-ақ өңірдің қоғам өкілдерімен кездесті.

 

Семейде Премьер-Министрге көлік инфрақұрылымы нысандарын техникалық жабдықтау көрсетілді.

 

Премьер-Министрге Семейдің жылумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы таныстырылды. Аясында жылумен қамтамасыз ету нысандарына жөндеу жүргізіліп жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аймақтың жылу беретіндерінің бірінші кезектегі міндетіне жатады.

 

Кәрім Мәсімов еліміздің бірегей мұра нысаны - Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына барып, онда қоғам өкілдерімен кездесті. Премьер-Министрмен әңгімелесу барысында өңір тұрғындарын мазалайтын өзекті мәселелер көтерілді.

 

Премьер-Министр Жидебайдағы "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кесенесіне барды.

 

Премьер-Министр Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде ИИДМБ бойынша инженерлік-техникалық кадрлар даярлау үдерісімен танысты және МЖӘ жүйесін дамыту арқылы өндірісте ғылыми әзірлемелерді пайдалану мәселелері бойынша кеңес өткізді.

 

 

Кәрім Мәсімов «Тәжірибелі майлы дақылдар шаруашылығы» ЖШС даму әлеуетіне баға берді. Кәсіпорын өсімдік және мал шаруашылығы салаларында заманауи технологияларды пайдаланады, ғылыми негізде селекция жұмысымен айналысады. Отандық АӨК дамытуда осындай шаруашылықтарға баса назар аударылады.