ФОТОЕСЕП: Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің Маңғыстау облысына жұмыс сапары

10 тамыз 2016, 03:40
Маңғыстау облысы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуалмен танысу үшін жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.

Сапар аясында Құрық паром кешенінің құрылысы, Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту және жұмыс істеп тұрған халықаралық сауда теңіз портын кеңейту бойынша жұмыс, сондай-ақ жастар саясаты мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.  

 

Премьер-Министрге облыстағы әуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы баяндалды. К. Мәсімов қауіпсіздік жүйесінің жұмысын тексеріп, терминал мен тексеру желісін қарап шықты. Шекаралық және кедендiк бақылау аймағында ішкі және халықаралық жолжүгін өңдеу барысымен танысты.

 

К. Мәсімов Құрық портындағы паром кешенінің құрылыс барысын тексерді.

 

Премьер-Министр Ақтау теңіз портын дамытудың өзекті мәселелері және перспективалары жөнінде кеңес өткізді.

\

 

«Ақтау – Жібек жолы экономикалық белдеуінің түйінді торабы».

 

Қазақстан Премьер-Министрі Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту бойынша жобаны жүзеге асыру барысымен танысты. «Бір терезе» қағидаты бойынша кедендік рәсімдеуді енгізу арқылы құжаттарды өңдеу уақыты 10 сағаттан 2,5 сағатқа дейін қысқарды, осылайша, биылғы жылдың басында туындаған кезекке тұру мәселесі шешілді.

 

К. Мәсімов Ақтау қалалық жастар орталығының қызметімен танысты. «Bastau бизнес» жобасы ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқуға, ал «Bastau кәсіп» жұмысқа орналасуда заманауи мүмкіндіктер береді.

 

Премьер-Министр Маңғыстау облысының қоғам өкілдерімен кездесті.