ФОТОРЕПОРТАЖ: Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің Павлодар облысына жұмыс сапары

07 тамыз 2016, 02:15
Павлодар облысы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысу үшін Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында АӨК, көмір өнеркәсібін дамыту, қалалық маңыздағы нысандар құрылысына және жастар саясатына ерекше көңіл бөлінді.

 

Премьердің барған алғашқы нысаны қалалық әуежай болды, онда К. Мәсімов қауіпсіздік жүйесінің жұмысымен танысты.

 

Инфрақұрылымды дамыту және қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін әуежай басшылығы биыл заманауи жабдық пен арнайы техника алуды жоспарлады.

 

Әуежайдан шыққаннан кейін Премьер-Министр Железинский ауданына барды, онда «Пахарь» шаруа қожалығының жетекшісі Руслан Сұлтанұлы Аушев (Ингушетия Республикасының бірінші президентінің толық аттасы) К. Мәсімовке агроқалашықты салу бойынша инвестициялық жоба қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді.  

 

Жоба аясында 1 200 сүтті ірі қараға шақталған сүт-тауар фермасы, 5 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңы салынып, жалпы ауданы 9 200 га жерде суармалы егін шаруашылығы массиві құрылады.

 

Премьер-Министр жұмыс сапарын өткізіп, онда іргелес елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелері талқыланды.

 

К. Мәсімовтің келесі барған нысаны Ертіс өзені арқылы өтетін салынып жатқан көпір болды: ұзындығы 12,3 шақырым болатын бірегей көпір Қазақстанның орталық және шығыс бөлігін көршілес Ресеймен байланыстырады. Бұл жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.

 

Павлодар жастар бастамаларын дамыту орталығында жастармен кездесу. Премьер-Министр еліміздің әр аймағында жастар саясатын дамыту мәселелеріне әрдайым ерекше көңіл бөледі.  

 

Кездесу барысында көтерілген мәселелер «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасын жүзеге асырудағы жаңа бағытқа, «Start-Up» арқылы жастар кәсіпкерлігін дамытуға, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында өз бетімен оқып жатқан жас қазақстандықтарды еңбекпен қамту үшін аймақтардың Тартымдылық картасының әлеуетіне қатысты болды.

 

Павлодардағы Достық үйінде К. Мәсімов көмір өнеркәсібін дамыту жөнінде республикалық кеңес өткізді, онда кәсіпорындардың проблемалы мәселелері, көмір өнімдерінің сапасы, көмірді ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізу талқыланды.

 

К. Мәсімов Қазақстанда көмір өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін зор әлеует барын, сондықтан мемлекет бұл салаға қажетті қолдау шараларын көрсететінін айтып өтті.

 

Кеңес қорытындысы бойынша саланың проблемалы мәселелерін шешу үшін жұмыс тобы құрылды.

 

Қазақстанның аса маңызды стратегиялық нысандырының бірі - Павлодар мұнай-химия зауытына бару. ПМХЗ Қазақстандағы мұнай өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. 2009 жылы ПМХЗ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрамына енді, бұл кәсіпорынды дамытудың стратегиялық бағытын таңдауды анықтады.