Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

К.Мәсімов Алматы облысындағы инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

24 маусым 2016, 17:56
Алматы облысы

По поручению Главы государства Премьер-Министр Казахстана Карим Масимов находится с рабочей поездкой в Алматинской области.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Алматы облысында жүр.

 


Талдықорған қаласына келген Премьер-Министр әуежайдың жөндеу барысын қарап, авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысына баға берді.

Сондай-ақ Кәрім Мәсімов Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабы құрылысының жобасымен танысты. Ағымдағы жылы жалпы ауданы 16,9 мың шаршы метр болатын төрт тұрғын үйді салу аяқталды, 705 пәтерлі бес коммуналдық үйдің құрылысы жалғасуда. Тұрғын үй алабында тоғыз балабақша, бес мектеп, емхана және басқа да бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды орналастыру жоспарланған.

Облыс әкімдігінің басшылығы Премьер-Министрді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіп кешені, газдандыру, елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету жайлы ақпараттандырды.

Бұдан өзге, қайта салынған Жастарға қызмет көрсету орталығын аралау барысында К.Мәсімовтің жастар көшбасшыларымен кездесуі өтті, оның барысында жас буынның өзекті мәселелері, атап айтқанда жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, жастар қозғалыстарын дамыту перспективалары талқыланды.