ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

24 шілде 2017, 17:00

Жұма күні, а. ж. 21 шілдеде, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды.

Жұмыс сапарының басты мақсаты - «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалу барысымен танысу.

Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары кестесіндегі басты іс-шаралар облыстың белсенді қауымымен және өңірлік бизнес қауымдастықтарының өкілдерімен кездесулер болды. Кездесулер барысында экономиканың базалық салаларын жаңғырту, АӨК дамыту, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды.  

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған Бозшакөл тау-кен байыту комбинатын аралады.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев теміржол білігі мен қос дөңгелек шығаратын «R.W.S. Wheelset» ЖШС зауыты мен жылдамдықты жылжымалы құрамдар үшін бағыттамалық бұрмалар мен теміржол дөңгелектерін шығарумен айналысатын «Проммашкомплект» ЖШС аралады және Қазақстандағы мұнай өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі - «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ін жаңғырту барысын тексерді.

«Атамекен» ҰКП Павлодар өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесуде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бизнес ортаны жақсарту және шағын және орта бизнес өкілдерінің экономиканы жаңғыртуға қатысуы мәселелерін талқылады.

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ аралады, онда Индустрия 4.0 элементтерін енгізумен өндірісті жаңғырту барысымен танысты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Павлодарда облыстың өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарының басшыларымен кеңес өткізді, онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясындағы технологиялық жаңғырту мәселелері бойынша пікір алмастырылды. Бақытжан Сағынтаев өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары басшыларының назарын әлемдік нарықтарда өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен өнеркәсіптік үдерістерді цифрландыру мен роботтандыру міндеттерін шешу мәселесіне аударды.

Жұмыс сапарының қорытындысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы барысымен танысты.